15.10.2012, 10:24 2801

Қызылорда облысында өткен "Жібек жолы - 2012" бизнес-форумының қорытындысы бойынша 50 жуық құжатқа қол қойылды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған форумға 11-ге жуық шетелдік инвестор қатысты.

Қызылорда. 15-қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының экспорттық әлеуетін дамытуға шетелдік серіктестер мен инвесторларды тарту мақсатында екі күндік бизнес-форумы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған форумға 11-ге жуық шетелдік инвестор қатысты.

Алқалы жиын барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар өңірде өсетін бау-бақша өнімдерін көрді. Мұнан кейін облыс әкімі Б.Қуандықов форумға қатысушы делегаттарды қаланың Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жүріп жатқан жұмыстардың даму басымдықтарымен таныстырды. Сонымен қатар бизнес-форум аясында 8 меморандумға қол қойылды. Оның 5-уі инновациялық гранттарға қаржы бөлуге, ал 3-уі Үдемелі индустриялық - инновациялық даму бағдарламасының аясында өңірдегі ірі жобаларға инвестиция салуға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны