23.02.2017, 18:23 7573

Қызылорда облысында полиция қызметкерлерініӊ жауынгерлік дайындық деӊгейін жетілдіру іс-шаралары жүргізілуде

Қызметкерлермен өткізілген сабақ барысында түрлі деӊгейдегі элементтер аралас жаттығулар, топтық ойындар, сынақ тапсырмалар қолданылды.

Қызылорда. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда ОІІД Арнайы даярлық басқармасы полиция қызметкерлерініӊ жауынгерлік дайындық деӊгейін жетілдіру іс-шараларын жүргізуде,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, қазіргі таӊда әр облыстағы ішкі істер департаменттерінде полиция қызметкерлерініӊ жауынгерлік дайындықтарын арттыру, төтенше жағдайлардағы тактикалық іс-қимылдарын қалыптастыруға бағытталған Арнайы даярлық басқармалары жұмыс жасайтыны белгілі. Аталған басқарма ҚР Ішкі істер министрініӊ бұйрығымен құрылып, өз жұмысын бастады.

Қызылорда облысы Ішкі істер департаментініӊ Арнайы даярлық басқармасы қоғамдық тыныштық пен халықтыӊ қауіпсіздігініӊ күзетінде тұратын, алғашқы соққыны өздеріне қабылдайтын полиция қызметкерлерініӊ жауынгерлік дайындық деӊгейлерініӊ заман талабына сай болуын басты мақсат етеді. Қазіргі таӊда арнайы даярлық басқармасында облыстыӊ әр аудандарынан полиция қызметкерлері келіп, жауынгерлік даярлықтарын жетілдіруде. Сабақ барысында білікті мамандар ату, қоян-қолтық айқасу, арнайы қорғаныс құралдарымен жұмыс істеу секілді шеберліктерді үйретумен қатар, теориялық дәрістер өткізіп, біліктіліктерін шыӊдауда. Аталған сабақтарға департаменттіӊ басқарма, бөлім қызметкерлерімен қатар, сыртқы қызмет салалары, яғни жол-патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, кезекші бөлім қызметкерлері де қатыстырылуда.

Қызметкерлермен өткізілген сабақ барысында түрлі деӊгейдегі элементтер аралас жаттығулар, топтық ойындар, сынақ тапсырмалар қолданылды. Бұл қызметкерлердіӊ күтпеген төтенше жағдайлардағы психологиялық тұрақтылығына ықпал ететіндігі сөзсіз. Барлық жаттығулар қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытуға, қызметтік және әскери дайындығыныӊ жоғары деӊгейде болуына, байқампаздықты дамытуға, қасындағы жолдасына жауапкершілікпен қарауға, бір-біріне сенімді болуға бағытталады. Мәселен, бір жаттығу - қауіп-қатер кезіндегі полиция қызметкерлерініӊ жұдырықтай жұмылып, ортақ тәртіппен, бірдей бұйрықпен ұйымдасып, іс-қимыл жасауын мақсат етсе, енді бір жаттығулар кез келген сәтте атылатын оқ пен төнген қатерге дайын болуын, рефлекторлық әрекетін дамытуды көздейді.

Сондай-ақ, белгіленген сабақ кестесіне сәйкес аппарат жеке құрамына және жол-патрульдік полиция батальоныныӊ қызметкерлеріне арнайы-тактикалық даярлық сабақтары әр түрлі бағыттағы әдістемелік құралдарын пайдалана отырып жүргізілуде. Ал қалған күндері барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерініӊ кезекші бөліністері қызметкерлерініӊ біліктілігін арттыру мақсатында атыс, арнайы даярлық және дене шынықтыру даярлықтарынан қосымша сабақтар ұйымдастырылуда.

Айта кетерлік жайт, аталған оқу-жаттығу сабақтары "Динамо" дене шынықтыру спорт қоғамында Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасымен ұйытқы болуыныӊ нәтижесінде өткізілуде.

"Динамо" дене шынықтыру спорт қоғамы - еліміздегі спортты дамытуда ерекше еӊбек сіӊіріп жүрген іргелі ұйымдардыӊ бірі. Ішкі істер органдары қызметкерлерініӊ дене шынықтыруын және арнайы спорттық дайындықтарын жетілдіре отырып, салауатты өмір салты қағидатын дұрыс ұстануын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралардыӊ өткізілуіне бастамашы болып келеді. Ішкі істер департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті сынды ішкі істер органдарыныӊ басын біріктіріп отырған спорттық қоғамныӊ ғимараты 1993 жылы қолданысқа берілген. Спорт кешені арнайы волейбол және баскетбол, жасанды шөппен көмкерілген футбол алаӊымен, 25 метрлік тирмен, заманауи жаттықтыру аппараттары бар жаттығу бөлмесімен жабдықталған.

Осы аталған жаттығу мен сабақ түрлерінен бөлек, полиция қызметкерлерін психологиялық тұрғыда даярлау дәрістері де өтеді. Аталған дәрістердіӊ қызметкерлердіӊ әлеуметтік құзіреттілігін жоғарылатуда, тұлғааралық қатынастарды қалыптастырып, бірлесіп іс-әрекет жасауда, қақтығыстарды конструктивті түрде шешуде маӊызы зор. Сондай-ақ, қызметкерлердіӊ кәсіби-психологиялық дайындықтарын жетілдіру арқылы эмоционалды бұзылыстарыныӊ алдын алуға, қызметкерлердіӊ күрделі жағдайларда дұрыс әрекет етуге де болатындығын ескерген жөн,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны