16.06.2017, 11:39 5639

Қызылорда облысында "Саламатты Қазақстанныӊ салауатты жастары" ұранымен жұмыссыз жастар арасында жарыс өткізілді

Сайыс алдағы уақытта Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаӊақорған аудандарында өз жалғасын табады.

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқарамасыныӊ қолдауына сүйенген Қармақшы "Жастар ресурстық орталығы" КММ мен "Қызылорда облысыныӊ жастар Одақтары" ҚБ Қазалы ауданындағы жұмыссыз жастар арасында жарыс өткізді.

"Саламатты Қазақстанныӊ салауатты жастары" ұранымен өткен сайыста гір тасын көтеруден Айбек Рүстемов бірінші орын алса, қол күрестен Темірбек Заманбектіӊ алдына түсер жан табылмады, ал арқан тарту сайысыныӊ бірінші жүлдесі "Диета" командасына бұйырды.

Дәл осындай жарыс Қармақшы ауданында да өтіп, гір көтеруден Қ. Кәдірбек бірінші орын алса, қол күрестен А. Ералиевтіӊ күші басым болды. Ал арқат тартыстыӊ бірінші "Стадион жастары" командасы иеленді.

Арал ауданында өткен сайыс қорытындысында гір көтеруден Б. Бақытбекұлыныӊ, қол күрестен Б. Байжановтыӊ алдына түсер ешкім болған жоқ. Арқан тартуда бірінші орын "Алаш" тобына бұйырды.

Сайыс алдағы уақытта Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаӊақорған аудандарында өз жалғасын табады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны