10.01.2014, 18:50 3190

Қызылорда облысында ШОБ өкілдеріне жемқорлықпен күрес бойынша семинар өткізілді

Қызылорда облыстық Салық департаментінде "Жемқорлықпен қоғам болып күресейік" атты семинар-жиын өтті, деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. Қызылорда облыстық Салық департаментінде "Жемқорлықпен қоғам болып күресейік" атты семинар-жиын өтті, деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

Шараға облыстың шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері қатысты.

"Шараның мақсаты - мемлекеттік және бақылау органдарының тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікке әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында кәсіпкерлік қызметтерді іске асыру мен жаңадан бастау барысында туындайтын мәселелерді шешу мен талқылау болып табылады", - делінген хабарламада.

Семинар барысында кәсіпкерлер заңсыз араласудан кәсіпкерлерді қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар тарапынан кәссіпкерлікке араласу кезінде қаржы полициясына шағым түсіру тәртібі де айқындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны