01.06.2017, 17:26 4643

Қызылорда облысында жақындары суға кеткендерге психолог көмек берді

Осы оқыс оқиғалар кезінде "МАО" ММ облыстық филиалыныӊ психологы Жазира Досаева зардап шеккендерге жедел психологиялық көмек беріп, психоэмоционалдық жағдайды бақылауда ұстауға тырысты.

Қызылорда. 1 маусым. Kazakhstan Today - Жақынын жоғалтқан жанныӊ күнделікті тіршілікке қайта кірісуіне көп ретте психологтыӊ көмегі қажет болып жатады. Төтенше жағдай кезінде адам психоэмоционалдық жағдайда түскен адамға да еӊ алдымен керегі психологиялық жәрдем.

Осы жылғы 24 мамырда "ОӨАЖҚЖ" ММ құтқарушылары өзенге сүӊгіп кетіп, шықпай қалған 15 жастағы А.Ж.-ны іздестіруді бастады. Бозбаланыӊ денесі үш күннен соӊ табылды.

Осыған ұқсас оқиға 25 мамырда дарияныӊ "Пищевик" саяжайы тұсында да болды. Шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскен 9 жастағы А.Б. дарияға шым батып кеткен. Сол күні "ОӨАЖҚЖ" ММ құтқарушылары оныӊ денесін судан шығарды.

Осы оқыс оқиғалар кезінде "МАО" ММ облыстық филиалыныӊ психологы Жазира Досаева зардап шеккендерге жедел психологиялық көмек беріп, психоэмоционалдық жағдайды бақылауда ұстауға тырысты.

- Аса қатты күйзеліске ұшыраған адамдарға психологиялық көмек беру оӊай емес. Қиын болса да зардап шегушімен әӊгімелесіп, байланыс орнатуымыз керек. Осы арқылы олардыӊ эмоциясын, ашу-ызасын, күйзелісін білдіріп, жеӊілдеді,- дейді Ж. Досаева. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны