13.06.2008, 11:11 1242

Қызылорда облысында жаңа ауыс-түйістер жасалды

Қызылорда облысында жаңа ауыс-түйістер жасалды

Қызылорда. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында жаңа ауыс-түйістер жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыс әкімінің бұйрығымен облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып Ерлан Сұлтангереев тағайындалды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы лауазымына бұған дейін Сырдария ауданының әкімі болған Ибрагим Абибуллаев тағайындалды.

Сырдария ауданының әкімі қызметіне "Қызылорда су шаруашылығы" ҚКК директоры болып істеген, техникалық ғылымдар докторы Сұлтанбек Тауибаев тағайындалды.

Сондай-ақ, өңір басшысының бұйрығымен Қызылорда облысының әкімі аппаратының жетекшісі Бауыржан Омаров қызметінен босатылды.Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау және мәдениет басқармаларының бастықтарын тағайындау күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны