24.05.2017, 15:48 3914

Қызылорда облысында жасөспірім тәрбиесіндегі тыӊ бастама көтерілді

Кездесулерде "Қауіпсіз мектеп" тақырыбында іс-шараларды бекіту талқыланып, мүдделі тұлғаларды және оқушыларды қатыстыру арқылы қаланыӊ бір мектебінде пилоттық жоба енгізуге шешім қабылданды.

Қызылорда. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда прокурорлары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудіӊ жаӊа әдістерін енгізді.

Осыған дейін жүргізілген талдау жұмыстары кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтыӊ алдын алудағы қолданылып келе жатқан профилактикалық шаралардыӊ тиімсіз екенін көрсетіп отыр. Оған осындай қылмыстардыӊ өршуін дәлелдейтін статитистикалық деректер дәлел.

Мәселені жете зерттеу балалар тәрбиесімен айналысатын тұлғалар арасында байланыстыӊ жүйелі емес екендігін көрсетті. Яғни, сынып жетекшілері, ата-аналар, ювеналды полиция, психологтар, мектеп әкімшілігі және т.б. арасында өзара байланыс орнататын механизм жоқ.

Осы орайда, қала прокуроры М.Досмағанбетовтыӊ бастамасымен қала әкімініӊ орынбасары, білім бөлімі, жергілікті полиция қызметі және ішкі саясат бөлімі басшыларыныӊ, мектеп директорлары мен оқушылардыӊ ата-аналарымен бейресми кездесулер өткізілді.

Кездесулерде "Қауіпсіз мектеп" тақырыбында іс-шараларды бекіту талқыланып, мүдделі тұлғаларды және оқушыларды қатыстыру арқылы қаланыӊ бір мектебінде пилоттық жоба енгізуге шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны