19.06.2017, 11:30 3987

Қызылорда облысында жастардыӊ 9 ресурстық орталығы жұмыс істеуде

Бүгінде облыста 9 жастар ресурстық орталығы жұмыс жасап келеді. Ирбір ауылдық округте жастар ісі жөніндегі 149 маман қызмет көрсетуде.

Қызылорда. 19 маусым. Kazakhstan Today - Бүгінде облыста 9 жастар ресурстық орталығы жұмыс жасап келеді. Ирбір ауылдық округте жастар ісі жөніндегі 149 маман қызмет көрсетуде.

Облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Еркебұлан Меӊлібаевтыӊ айтуынша биыл облыстық орталық 10 бағыттан тұратын жобаны жүзеге асыруды бастады. "Жас кеӊесші", "Жастар қоғам назарында", "КZO fan club", "Жас Отау", "Эрудит", "Жүрек жылуы", "Жас маман", "Еріктілер мектебі", "Жастар стартап", "Біз спортты таӊдаймыз" атты бұл жобалар аясында ортақ ісе жүмылған жастар қатары қалыӊдап келеді. .

Жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар үшін ағылшын тілі, компьютерлік, құқықтық сауаттылық бойынша оқыту курстары жүргізілуде. Оған 174 жас қатысуда.

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорыныӊ (ЮНИСЕФ) сарапшыларыныӊ қолдауымен "Жастар ресурстық орталықтарын дамыту бойынша Жол Картасы" аясында жыл басында ресурстық орталық мамандарыныӊ біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Бірлескен жұмыс нәтижесімен орталықтыӊ жастармен жұмыс жасаудағы жаӊа тәсілі қалыптастырылуда.

Бүгінде облыстық жастар ресурстық орталығыныӊ ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көп ұзамай мұнда COWORKING, IT-CENTER, продюсерлік орталықтар және психологиялық, видео ойындар бөлмелері және түрлі спорттық секциялар жұмысын бастамақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны