29.02.2008, 16:49 3634

Қызылорда облысындағы тікұшақтың апатқа ұшырауына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болуы мүмкін

Қызылорда облысындағы тікұшақтың апатқа ұшырауына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болуы мүмкін

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысындағы тікұшақтың апатқа ұшырауына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ТЖМ Владимир Божко бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз екі түрлі жорамалды қарастырып жатырмыз. Негізгі жорамалдың бірі - қозғалтқыштың істен шығуы. Өйткені, алған бағытымен келе жатқан тікұшақ кенеттен құлаған. Жекелеген көрсеткіштер қозғалтқыштың істен шыққан болуы мүмкін екендігін айғақтайды", - деді В. Божко.

Оның айтуынша, сондай-ақ, жанармай бармай қалуы да тікұшақтың құлауына себеп болуы мүмкін.

"Біз қаза тапқан адамдардың отбасыларына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің денсаулығын сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін істейтін боламыз", - деді ТЖМ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазавиаспас" мекемесіне қарасты МИ-8 тікұшағы (борт саны 25001) Жалағаш ауылында (Қызылордадан 75 шақырым жерде) кеше 15 сағат 30 минутта Сырдария өзенінің арнасын бойлай ұшу барысында апатқа ұшыраған. Апатқа ұшыраған ТЖМ ұшағының бортында 18 адам болған, олардың бесеуі қайтыс болды

Қалған 13 адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Қазір тоғыз адам облыстық медицина орталығында, төртеуі Жалағаш ауылындағы аудандық ауруханада жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны