02.05.2017, 12:48 4269

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қазақстан этносаясаты бойынша дәріс оқыды

"Біздіӊ "осал тұсымыз" деп аталған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық", - деп Елбасы атап көрсеткендей, қазіргі таӊда бірлігі берекелі, ынтымағы жарасқан елдіӊ ғана ырысы мен табысы мол болатынын жаһандану дәуірі көрсетіп отыр,- деді облыс басшысы.

Қызылорда. 2 мамыр. Kazakhstan Today - 28 сәуір күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Достық үйінде "Тәуелсіз Қазақстан этносаясатыныӊ қалыптасуы" тақырыбында дәріс оқыды. Оған этномәдени бірлестіктіӊ басшылары, ҚХА жастар қанатыныӊ белсенділері, ғылыми-сараптамалық топ өкілдері, облыстағы оқу орындарыныӊ басшылары мен оқытушылары және студенттер мен оқушылар қатысты.

- Тәуелсіздіктіӊ алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік этносаясат қазақстандық мемлекетті құруға, Қазақстан халқыныӊ бірлігі мен тұтастығы идеясын іске асыруға бағытталды. Еліміздіӊ тұӊғыш Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде мемлекеттік және ұлттық саясатты жүзеге асыруда маӊызды рөл атқарып келе жатқан бірегей институт ретінде қалыптасып үлгерді және оныӊ идеологиялық, ғылыми, білім беру мен тәрбиелік функциялары жүйелі түрде дамып келеді. "Біздіӊ "осал тұсымыз" деп аталған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық", - деп Елбасы атап көрсеткендей, қазіргі таӊда бірлігі берекелі, ынтымағы жарасқан елдіӊ ғана ырысы мен табысы мол болатынын жаһандану дәуірі көрсетіп отыр,- деді облыс басшысы.

Облыс әкімі қатысушыларды келе жатқан Қазақстан халқыныӊ бірлігі мерекесімен құттықтап, дәріс тыӊдаушылардыӊ сауалдарына жауап берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны