14.03.2017, 20:59 4603

Қызылорда облысыныӊ әкімі жас ертегіші Алтынай Берікті қабылдады

Ол 40-қа жуық ертегініӊ авторы. "Ақ көжек", "Мөлдір бұлақ", "Қызыл қораз", "Түйе", "Қамқорлық" сынды туындыларымен түрлі республикалық байқауларда топ жарған. Ол қиял-ғажайыпқа толы әӊгімелерді 7 жасынан бастап жазыпты.

Қызылорда. 14 наурыз. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалыныӊ төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жас ертегіші Алтынай Берікті қабылдап, шығармашылық табыс тіледі, деп хабарлайды партияныӊ баспасөз қызметі.

Алтынай Қызылорда қаласында тұрады. Көпбалалы отбасындағы жеті баланыӊ екіншісі. Икесі қарапайым жұмысшы. Анасы бала тәрбиесімен айналысады. Ол қазір №267 мектептіӊ 5 сыныбында оқиды.

Ол 40-қа жуық ертегініӊ авторы. "Ақ көжек", "Мөлдір бұлақ", "Қызыл қораз", "Түйе", "Қамқорлық" сынды туындыларымен түрлі республикалық байқауларда топ жарған. Ол қиял-ғажайыпқа толы әӊгімелерді 7 жасынан бастап жазыпты. Бұдан бөлек түрлі тақырыптағы өлеӊдері мен әӊгімелері бар. Алтынайдыӊ "Ұқпасқа айтқан сөз жеттім" атты ертегісімен еӊ жас автор ретінде "Меніӊ ғажайып ертегім" деген кітапқа енген.

Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев Алтынайға өзініӊ "Еуразия жүрегінде" атты кітабын сыйға тартқан.

Қабылдауында болған өнерлі балғынға облыстық партия филиалыныӊ төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаеы шығармашылық өрлеу тілеп, өз ризашылығын білдірді. Және Алтынайдыӊ барлық туындыларын жинақтап, ертегілер кітабын шығаруға байланысты өтінішіне сәйкес "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы атынан қаржылай көмек көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны