26.09.2018, 20:13 5851

Қызылорда облысыныӊ Арал ауданында 71 мәдениет мекемелері: 32 мәдениет үйлері мен клубтар, 39 кітапхана қызмет көрсетуде

Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы бойынша 2018 жылға аудан бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Алдағы уақытта ҚР мәдениет қайраткері, Арал ауданыныӊ құрметті азаматы, белгілі журналист Ш. Дәрмағанбетовтыӊ 90 жас және жазушы-эколог Сайлаубай Жұбатыровтыӊ 70 жас мерейтойын атап өту жоспарлануда.

Қызылорда. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылордада Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ баспасөз орталығында өткен брифингте Арал ауданыныӊ әкімі Мұхтар Оразбаев ауданныӊ тыныс-тіршілігі туралы толық әӊгімелеп берді.

Инвестиция. 2018 жылдыӊ қаӊтар-тамыз айларында 10958 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 6,251 млн теӊгені құрады.

Қаржы-салық саясаты. Есепті мерзім ішінде барлық салық пен басқа да түсім түрлерініӊ болжамыныӊ орындалуы 2264,1 млн теӊге немесе 114,0 пайыз құрады. Оныӊ ішінде, аудандық бюджетке түсім 1398,9 млн теӊге (болжам 1297,1 млн тенге), яғни 107,8 пайызға орындалды.

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өндірісініӊ көлемі қолданыстағы бағамен 8414,8 млн. теӊге болды. Нақты көлем индексі 109,4 пайызды құрады. Оныӊ ішінде өӊдеу өнеркәсібінде 6271,2 млн теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 109,2 пайызды құрады. Барлығы 145,5 мыӊ тн. йодталған ас тұзы, 2547 тн балық өнімдері және 68,3 текше метр кварц топырағы өӊделді. Өнеркәсіп өнімдерініӊ көлемі негізінен "Аралтұз" АҚ-на және "Қамқор локомотив" ЖШС-ніӊ үлесінде.

Индустриялық-инновациялық даму. Өӊірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына ауданнан 1,8 млрд теӊгеніӊ 4 жобасы енгізілді. Бұған дейін 3 жоба жұмыс жасап келген болса, 2018 жылы 1 жоба іске қосылатын болады. Ол "Аквакультура" ЖШС-ніӊ "Балық қабылдау және өӊдеу цехы" . Сондай-ақ, Арал қаласындағы индустриялық аймақтан жер телімі табысталған 3 жобаныӊ екеуі іске қосылса, біреуі жыл соӊына дейін іске қосу жоспарымызда бар.

Шағын және орта бизнес. Бизнестіӊ жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы шеӊберінде пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша жалпы құны 309,9 млн.теӊге болатын 9 жоба қаржыландырылды. Қосымша, құны 60 млн теӊгені құрайтын 2 жобаға кепілдендіру іске асырылды (Б. Жандаулетов 30,0 млн. теӊге және Т. Маханов 30,0 млн. теӊге). Қамбаш көлініӊ жағасында туризмді дамыту шаралары жалғасын табуда. Биылғы жылы қосымша 10 демалыс үйініӊ құрылысы салынып, жаз маусымында жағалауда 31 кәсіпкер 104 нысанда халыққа қызмет көрсетті.Көл жағасында 82,5 мыӊ адам тынығып, демалды. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында "Бизнес кеӊесші" жобасы бойынша 90 адам оқу курстарын аяқтады. Ал, "Бастау Бизнес" жобасыныӊ 1, 2 және 3 лектерінде 121 адам оқу курстарын бітірді.

Ауылшаруашылығы. Ауылшаруашылығыныӊ жалпы өнімі 3586,8 млн теӊгені құрап, нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрады. 2018 жылдыӊ қаӊтар-тамыз айларында 2301,2 тонна ет, 5424,8 тонна сүт, 67,4 мыӊ дана жұмыртқа дайындалып, өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда сүт 2,1 пайызға, ет 3,6 пайызға, жұмыртқа 2,3 пайызға өскен. Мал басы бойынша мүйізді ірі қара 103,9%, жылқы 107,0%, түйе 108,2%, құс 2,5 есе артты. Қысқы мал азығы шөп қорыныӊ қажеттілігі 80 пайызға (95,2 тонна) орындалып отыр. 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымына Арал ауданы бойынша қатты отынға қажеттілік 33 000 тоннаны құрайды. Тамыз айынан бастап ауданға 58 вагон (4002 тонна)көмір келді. Бүгінгі күні ауданда 1000 тонна қатты отын қоры бар.Қазіргі таӊда аудандағы әлеуметтік нысандарға қажетті отынныӊ 75 пайызы жеткізілді.

Балық шаруашылығы. Ауданда жылдық қуаттылығы 18900 мыӊ тоннадан астам 8 балық өӊдеу зауыттары жұмыс істейді. Бүгінгі күні, 4 (төрт) зауыт ("Арал балық өӊдеу зауыты", "Арал СДО", "Камбала балық балықшылар өндірістік орталығы", "СДО Қарашалаӊ" ЖШС-ніӊ балық өӊдеу зауыттары) балықты тереӊ өӊдеумен айналысатын болса, қалған 3-уі ("Ар-М-Кон", "Бөген СДО", "Қуаныш" шағын балық өӊдеу зауыттары) балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеӊіл өӊдеумен айналысады. Атап өту қажет, ауданда Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі тек бір кәсіпорында ғана бар. Атап айтқанда, "Арал сервистік дайындау орталығы" ЖШС-гі балық өӊдеу зауыты. Жыл басынан бері ауданда 2274мыӊ тонна балық өӊделіп, экспортқа 1456,197 тонна балық өнімдері шығарылды.

Құрылыс. Құрылыс саласында барлығы 10 жобаны іске асыруға 4,5 млрд. теӊге қаржы қаралды. Соныӊ ішінде, Арал қаласындағы №14 мектептіӊ қосымша құрылысы, 150 орындық аудандық орталық аурухананыӊ, 2 қабатты әкімшілік ғимараты жыл соӊына дейін пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Арал қаласында ашық спорт алаӊы мен балалар ойын алаӊыныӊ құрылыстары аяқталып, өткен аптада пайдалануға берілді. Жыл ішінде пайдалануға берілген құрылыстардыӊ қатарында, Сексеуіл кентінде спорттық-сауықтыру кешені мен аудандық №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімініӊ жаӊа ғимараты бар. Өздеріӊіз білетіндей, Арал қаласындағы Тайыр Жароков көшесі № 2 мекен-жайында орналасқан екі қабатты ғимаратта төтенше жағдай орын алған болатын. Аталмыш ғимарат 1986 жылы балабақша мақсатында салынып, 1990 жылдардыӊ басында тұрғын үй ретінде берілген. Ғимарат төрт блоктан құралса, блоктардыӊ арасына салынған өткелдіӊ екінші қабатыныӊ төбе жабындысы құлады. Жалпы, ғимаратта 19 пәтер орналасқан. Бұған қоса, Арал қаласында Аралтұз көшесі № 36 мекен-жайда орналасқан 8 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде апатты жағдайда болатын. Аймақ басшысыныӊ жедел әрекетініӊ нәтижесінде облыстық бюджеттен 310 млн. теӊге қаржы бөлініп, 27 тұрғын үйдіӊ құрылысы аяқталып, өткен аптада тұрғындардыӊ игілігіне пайдалануға бердік Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 елді мекеннен медициналық пункт (Сазды, Ақбай, Шөмішкөл, Қосаман, Тастақ), 1 елді мекеннен фельдшерлік акушерлік пункт (Жаӊақұрылыс) және 1 елді мекеннен дәрігерлік амбулаторияныӊ (Бекбауыл) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ауыз су. Ауыз су мәселесі бойынша өткен жылы бастау алған Конту, Шижаға, Аманөткел елді мекендерініӊ сумен қамту жүйелерін қайта жаӊғырту және кеӊейту жұмыстары аяқталды. Сексеуіл кентініӊ тұрғын үйлері ауыз су жүйесіне қосылып, Арал қаласыныӊ №2 және №4 ықшам аудандарына ауыз су құбырлары жүргізілетін болады.

Изірленіп жатқан жоба-сметалық жобалар бойынша: Ақбасты елді мекенініӊ ауыз су жүйесініӊ құрылысыныӊ, Тоқабай-Абай елді мекендерініӊ ауыз су жүйесініӊ құрылысыныӊ жоба-сметалық құжаттары және Шөміш елді мекенініӊ ішкі су желісін кеӊейту және қайта жаӊғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Ақшатау елді мекеніне 20 орындық балабақшасымен 50 орындық мектептіӊ жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, жоба сараптамадан өткізілуде.

Жол жөндеу.

1. Автомобиль жолдары бойынша: 2018 жылға барлығы - 1 445 585,0 мыӊ теӊге бөлінді. Оныӊ ішінде республикалық бюджеттен - 966 681,0 мыӊ теӊге, облыстық бюджеттен - 324 499,0 мыӊ теӊге, аудандық бюджеттен - 154 405,0 мыӊ теӊге. 2017 жылы 10 шақырымды құрайтын аудандық маӊызы бар "Райым-Водокачка елді мекеніне кіре беріс" автожол құрылысыныӊ 5 шақырымы атқарылса, биылғы жылға қаралған қаржыға (ОБ-214 479,0 мыӊ теӊге) жолдыӊ қалған бөлігі (5 шқ), сондай-ақ, "Қызылжар елді мекеніне кіре беріс (6,4 шқ)" автомобиль жолын күрделі жөндеу (ОБ-70 000,0 мыӊ теӊге) жұмыстары жалғасын табуда.

Жолдарды орташа жөндеу бойынша жоспарланған 7 жобаныӊ, бүгінгі күні "Аманөткел елді мекеніне кіре беріс (2,1 шқ)" (ОБ-40 020,0 мыӊ теӊге), қаладағы "Тәуелсіздік" көшесініӊ автомобиль жолдарына жүргізілген орташа жөндеу (АБ-9 837,0 мыӊ теӊге) жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, қаладағы Мостовая көшесіне (АБ-13 877,0 мыӊ теӊге) және аудандық маӊызы бар "Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай (15-70,6 км)" (РБ-546 637,0 мыӊ теӊге), "Арал қаласына кіреберіс (9,3 км)" (РБ-137 672,0 мыӊ теӊге), "Жаӊақұрылыс-Бекарыстан би (23 км)" (РБ-282 372,0 мыӊ теӊге) автожолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша "Қызылжар елді мекеніне кіре беріс (0-9 шқ)" (АБ-12 790,0 мыӊ теӊге), "Бөген-Ақлақ", "Ақлақ-Қаратереӊ", "Қаратереӊ-Жаӊақұрылыс" (49,3 шқ) бағытындағы автомобиль жолдарын (37 776,0 мыӊ теӊге) және 2360 шаршы метрді құрайтын Арал қаласыныӊ 10 көшесіне (АБ-16 118,0 мыӊ теӊге) ағымдағы жөндеу, Абай көшесініӊ автомобиль жолына кеӊейту (АБ-33 624,0 мыӊ теӊге) жұмыстары жүргізілуде.

Энергетика. Энергетика саласына биылғы жылы 49,7 млн теӊге қаржы қаралды. Оныӊ ішінде 25,7 млн теӊгеге Арал қаласындағы №1 мөлтек ауданыныӊ электрмен жабдықтау жүйесініӊ құрылысы жалғасты. Сонымен қатар "Өӊірлерді дамыту 2020" бағдарламасы аясында 11 елді мекендердіӊ көшелерін жарықтандыруға 24,0 млн теӊге, Арал қаласындағы жаӊадан салынған тұрғын үйлерді электрмен жабдықтауға 78,7 млн теӊге қаржы бөлінді.

Газдандыру. 2018 жылы Арал қаласындағы № 262, № 83 мектептердіӊ бу қазандықтары қайта жаӊғыртылып, газ отынына көшіріледі. Қазіргі таӊда аудан орталығындағы 8 әлеуметтік, 156 кәсіпкерлік және әкімшілік нысандар, 5102 (76,8 пайыз) тұрғын үй көгілдір отынға қосылған. Ағымдағы жылдыӊ қазан айыныӊ 10-на дейін тағы 2 әлеуметтік нысан газ отынына қосылатын болады. Осыдан бөлек 4 әлеуметтік нысанды (№220мектеп,№ 62 мектеп, аудандық мәдениет үйі, "Арал қаласындағы Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі ғимараты)көгілдір отынға қосу үшін мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында жұмыстар жүргізілуде.

Абаттандыру. Абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы облыс әкімініӊ қолдауымен Арал қаласынан "Рәміздер" алаӊыныӊ құрылысы басталған болатын, жуырда Рәміздер күні қарсаӊында пайдалануға берілді.

Арал қаласында кіре беріс Абай көшесі бойына "Балықшылар маягы" орналастырылды. Сондай-ақ, Тоқабай, Аралқұм елді мекенінде демалыс паркі салынды.

Жұмыспен қамту. Жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 2526 адамныӊ 893-і тұрақты жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 745 адам жіберілді. 9 бос орындар жәрмеӊкесі өткізіліп, 908 жаӊа жұмыс орындары ашылды. 413 адамға "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасыныӊ бағыттары жөнінде кеӊестер берілді. 2018 жылдыӊ тамыз айында тіркелген жұмыссыздық деӊгейі 3,0 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деӊгейі аудан бойынша 5,0 пайызды құрайды.

Білім беру саласы. Ауданда 2017-2018 оқу жылында 50 мектеп, (оныӊ 39-ы орта, 6-ы негізгі, 5-і бастауыш мектептер), 20 мемлекеттік балабақша, 13 жеке балабақша, 19 толық шағын орталықтар, 30 жарты күндік шағын орталықтар, 4 мектептен тыс мекемелер және 2 колледж жұмыс жасайды. Мектептерге 16357 бала оқуға тартылған. Сонымен қатар, 4946 бала шағын орталықтар мен балабақшаларға, мектептен тыс мекемелерге 1326 оқушы, колледждерде 742 оқушы қамтылған. Биылғы жылы Арал қаласындағы №83 орта мектептіӊ ауласын қоршауға 10,0 млн теӊге, жылу жүйесін газға ауыстыруға 15,3 млн теӊге, "Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру" жобасы аясында мектепті жөндеу жұмыстарына 83,7 млн теӊге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, Қарақұм мектебі жанындағы интернатқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 9,9 млн теӊге қаржы қаралды.

"Балапан" бағдарламасы аясында 3-6 жас аралығындағы жалпы саны 4615 бала балабақшамен толық қамтылып отыр. Биылғы ҰБТ қорытындысымен Арал ауданы 85,19 орташа балмен Қызылорда қаласы мен аудандар бөлінісінде үшінші орынға орналасты. Биылғы жылы ауданда 37 "Алтын белгі", 13 "Үздік аттестат" иегерлері анықталды. Білім саласын цифрландыру біздіӊ басты мақсатымыз болып табылады. Жас ұрпаққа жаӊа талаптарды ескере отырып, болашақта сапалы білім алу және креативті ойлау мен техникалық дағдыларын дамыту, білім ұйымдарыныӊ материалдық базасын нығайту мақсатында 110 комплекті интерактивті тақта алынып, ауылдық 22 мектепке 5 комплектіден берілді. Мұнымен қоса, 11 мектеп "электрондық күнделік" жүйесімен, 15 мектеп "Білімлэнд" виртуалды оқыту платформасымен онлайн негізінде және 34 мектеп оффлайн негізінде жұмыс жасайды. №262 мектеп-гимназиясымен, №14 орта мектеп-лицейіне және оқушылар үйіне робототехника кабинеттерімен қамтамасыз етіліп, кеӊ жолақты интернет желісіне 27 мектеп қосылып, 231 дана раутерлер "wi-fi" модемі, "электронды күнделік" жүйесімен қамту үшін 230 дана планшеттер, 3D принтер, сонымен бірге "3D модельдеу" мен 12 "Робототехника", "Цифрлық білім беру зертханасы" кабинеттерініӊ жиынтық құрылғылары алынды.

Жастармен жұмыс. Қазіргі таӊда ауданда тұрғындардыӊ 18 мыӊнан астамы (18 314) 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды құрайды. Яғни, ауданымыздыӊ 23,3 пайызы жас тұрғындар. Оныӊ 37,4 пайызы (6 855)қалада, 62,6 пайызы (11 459) ауылда тұрмыс кешуде. Аудан бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деӊгейі - 4,9 пайызды құрайды. Өткен жылғымен салыстырғанда есепте кезеӊде жастар арасындағы жұмыссыздық деӊгейі бірқалыпты. Жыл басынан бері аудандық жастар ресурстық орталығына түрлі мәселелер бойынша 600-ге жуық (571 жас) жас қоғамдық қабылдауға келген. Аудандық жастар ресурстық орталығыныӊ ұйымдастыруымен барлығы 150-ге жуық (147 шара) түрлі форматтағы шаралар өткізіліп, 8000-нан астам жас қамтылды.

Денсаулық сақтау саласы. Ауданныӊ демографиялық көрсеткішіне тоқталсақ, жыл басынан бері 1119 бала туып, 1 жасқа дейінгі шетінеген нәрестелер саны қалыпты. Қан айналымы жүйесі ауруларымен алғаш рет ауырғандар саны 2096 болып отыр. Алғашқы рет тіркелген қатерлі ісік аурулары 78 жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 11 бірлікке көбейіп отыр. Бұныӊ басты себебі, аудан тұрғындары арасында жүргізілген скринингтік тексеру сапасыныӊ жақсарғандығына байланысты.

Денешынықтыру және спорт Денешынықтыру және спорт саласында 2 балалар мен жасөспірімдер мектебімен қоса әртүрлі деӊгейдегі 231 спорт обьектілері (алаӊдар) өз жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таӊда ауданда 87 дене шынықтыру ұжымдары есепке алынған. Оларда 21 141 адам (барлық аудан халқыныӊ 27,1%) дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Оныӊ: 6766-ы мектеп оқушылары (аудан бойынша барлық мектеп жасындағы балалардыӊ 42,14%). Жыл басынан бері аудан спортшылары біршама жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасыныӊ ресми (ҚР чемпионаттары мен біріншіліктері) жарыстарында аудан спортшылары 32 медальға ие болды. Оныӊ 3-і алтын, 14-і күміс, 15-і қола.

Мәдениет. Мәдениет саласы бойынша аудан халқына 71 мәдениет мекемелері: 32 мәдениет үйлері мен клубтар, 39 кітапхана қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, ауданда 2 мұражай жұмыс жасауда. Аудандық мәдениет үйі мен мәдениет мекемелері арқылы 1287 мәдени іс - шаралар өткізіліп, оған 150 мыӊдай көрермендер қамтылған. Биыл да, Арал өӊірі балықшыларыныӊ ІҮ слеті болып өтіп, оған Ресей Федерациясынан, Маӊғыстау, Түркістан, Атырау және Ақтөбе облыстарынан делегациялар қатысты. Слетте негізгі салтанатты шара театрландырылған көрініспен ашылып, мерекелік концертке еліміздіӊ танымал әртістері Бауыржан Ибрагимов, Нұрлан Өнербаев және Серік Ибрагимовтер қатысты.

Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы бойынша 2018 жылға аудан бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Халықаралық отбасы күніне орай "Отбасы - өмір аясы" атты ҚР мәдениет қайраткері М.Сыдықовтыӊ отбасылық ансамбльімен кездесу кеші болды. Тоқабай ауылында еӊбек майталманы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты Қуаныш Бердімағанбетовтыӊ 85 жылдығына орай еске алу шарасы мен ат бәйгесі өткізілді. Алдағы уақытта ҚР мәдениет қайраткері, Арал ауданыныӊ құрметті азаматы, белгілі журналист Ш. Дәрмағанбетовтыӊ 90 жас және жазушы-эколог Сайлаубай Жұбатыровтыӊ 70 жас мерейтойын атап өту жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны