21.04.2017, 23:07 6798

Қызылорда облысыныӊ Қармақшы аудандық прокуратурасы жер үлескерлерініӊ құқығын қорғады

Қызылорда облысыныӊ Қармақшы аудандық прокуратурасыныӊ қызметкерлері ауылдық округтерде халықпен кездесулер барысында ауылшаурашылық мақсатындағы жер учаскесіне үлесі бар үлескерлерге шаруашылық субъектілерімен үлес ақы (дивиденд) төленбейтіндігі белгілі болды.

Қызылорда. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Қармақшы аудандық прокуратурасыныӊ қызметкерлері ауылдық округтерде халықпен кездесулер барысында ауылшаурашылық мақсатындағы жер учаскесіне үлесі бар үлескерлерге шаруашылық субъектілерімен үлес ақы (дивиденд) төленбейтіндігі белгілі болды. Осыған байланысты жүргізілген талдау барысында, қадағалау аумағында ауылшаруашылығы дақылдары егілетін 21 мыӊ гектар жер учаскелерін бірнеше жылдардан бері пайдаланып келген 13 шаруашылық субектілерімен 6015 жер үлескерлеріне үлес ақылары төленбей келгендігі анықталды. Осы мәселені шешу мақсатында жергілікті атқарушы органмен бірлесіп Жоба әзірленді.
Жобаны іске асыру бағытында, аудан әкімі жанында аудандық прокуратура, жергілікті атқарушы органныӊ және ауылшаруашылық субъектілері мен инвесторлардыӊ қатысуымен жалпы жиналыс өткізіліп, Жобамен таныстырылып кеӊінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, барлық шаруашылық субъектілерімен ауылшаруашылығы мақсатындағы жер үлескерлеріне үлес ақы, үлес пайда (дивиденд) төлеуге шешім қабылданып, нақты мөлшері белгіленіп, 6015 жер үлескерлерініӊ құқықтары қорғалды.Облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны