26.05.2017, 15:57 4886

Қызылорда облысыныӊ Н.Бекежанов атындағы театр әртістері колледжде "Қандыөзек" қойылымын ұсынды

Театр ұжымы саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Нарком Жүргенов" атты қойылымға дайындалып жатыр. Қамшы сабындай қысқа ғана ғұмырында ұлтына қалтқысыз қызмет еткен қайраткер жайлы спектакль 31 мамыр күні саған 17:00-де М. Ералиева атындағы мәдениет үйі сахнасында қойылады.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - 1987 жылдан бастап БҰҰ-ныӊ Бас Ассамблеясы шешімімен 26 маусым нашақорлыққа қарсы күрестіӊ халықаралық күні ретінде атап өтіліп келеді.

Осыған орай Қызылорда облысыныӊ Н.Бекежанов атындағы театр әртістері С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжініӊ концерт залында мұғалімдер мен студенттерге Р.Отарбаевтыӊ "Қандыөзек" қойылымын ұсынды.

Қойылым нашақор жігіттіӊ басындағы трагедиясын суреттейді. Жастарды жат әдеттен аулақ болуға үндейді. Бір шаӊырақты шырмаған қасіреттіӊ қанды шеӊгелі қоғамды шырмай бастағанын меӊзейді.

Театр ұжымы саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Нарком Жүргенов" атты қойылымға дайындалып жатыр. Қамшы сабындай қысқа ғана ғұмырында ұлтына қалтқысыз қызмет еткен қайраткер жайлы спектакль 31 мамыр күні саған 17:00-де М. Ералиева атындағы мәдениет үйі сахнасында қойылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны