08.06.2017, 16:45 4277

Қызылорда облысыныӊ Жалағаш ауданында "Ақтерек - Жаз - 2017" жазғы демалыс лагерініӊ ашылу салтанаты өтті

Жалағаш кентінде "Ақтерек - Жаз - 2017" жазғы демалыс лагерініӊ ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шара "Отан" композициялық көрінісінен, лагерь туыныӊ салтанатпен көтерілуінен бастау алды.

Қызылорда. 8 маусым. Kazakhstan Today - Жалағаш кентінде "Ақтерек - Жаз - 2017" жазғы демалыс лагерініӊ ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шара "Отан" композициялық көрінісінен, лагерь туыныӊ салтанатпен көтерілуінен бастау алды. Шараға аудан әкімініӊ орынбасары Ж.Тажмаханов, "Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, бөлім, мекеме басшылары, жастар, лагерь тынығушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

- Ауданда мектеп жасындағы оқушылардыӊ 95% - дан астамын демалыспен қамтимыз деп жоспарлап отырмыз. Оныӊ ішінде, "Ақтерек" тынықтыру лагерінде 400-ден астам бала 5 ауысымда тынығатын болса, санаулы күндерден кейін шымылдығын ашатын ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне жыл барысында оқуда үздік, тәрбиеде озат болған 500-ден астам бүлдіршін барады. Одан бөлек, облысымыздан тыс, өзге өӊірлердегі лагерьлерге де жолдамалар қарастырылған, - деді Ж. Тажмаханов.

"Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева балалар үшін жасалып жатқан игі істердіӊ жарасымды жалғасын таба беруіне тілектестігін білдірді. Салтанатты шарада жиылған жұртшылық, лагерь тынығушылары аудандық әуез мектебі өнерпаздарыныӊ өнерлерін, бүлдіршіндердіӊ қойылымдарын тамашалап, түрлі ойындар ойнады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны