05.07.2017, 08:50 3429

Қызылорда облысыныӊ Жаӊақорған ауданында "Шабытымныӊ бастауын алған жерім ауылым" атты концерт өтті

Қызылорда облысыныӊ Жаӊақорған ауданындағы Бесарық бекетінде клуб кәсіпорындары қызметкерлерініӊ облыстық "Жарқын болашақ иесі - бүгінгі білікті маман" атты семинар кеӊесі аясында "Шабытымныӊ бастауын алған жерім ауылым" атты концерт өтті.

Қызылорда. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Жаӊақорған ауданындағы Бесарық бекетінде клуб кәсіпорындары қызметкерлерініӊ облыстық "Жарқын болашақ иесі - бүгінгі білікті маман" атты семинар кеӊесі аясында "Шабытымныӊ бастауын алған жерім ауылым" атты концерт өтті.

Облыс көлемінен келген мәдениет қызметкерлері Жәнібек Сыздықов басшылық ететін Бесарықтағы клуб үйі мамандарыныӊ өнеріне оӊ баға берді. Олардыӊ ауыл балаларын руханиятқа баулу бағытындағы жұмыстары да ескерілді.

Концерттен кейін семинар-кеӊеске қатысушылар аудандық қолөнер шеберлері орталығыныӊ жетекшісі Пахриддин Садықовтыӊ қолөнер бұйымдарымен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны