24.04.2017, 15:36 4141

Қызылорда облысыныӊ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы лауазымына Ержан Ибдіхалықов тағайындалды

Қызылорда облысыныӊ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы лауазымына Ержан Ибдіхалықов тағайындалды

Қызылорда. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы әкімініӊ өкімімен Ибдіхалықов Ержан Қыпшақбайұлы Қызылорда облысыныӊ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы лауазымына тағайындалды.

Ержан Ибдіхалықов 1982 жылы туған. Алматы энергетика және байланыс институтын "инженер-энергетик" және "жылу энергетика магистрі" мамандықтары бойынша бітірген.

2013-2016 жылдары Қызылорда облысыныӊ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

2016 жылдыӊ қараша айынан бастап осы кезге дейін "Байқоӊыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасыныӊ бірінші орынбасары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны