16.06.2017, 11:27 5413

Қызылорда облыстық ІІД мәліметінше, алаяқтық қылмыстары өткен жылмен салыстырғанда 24,1 пайызға төмендеген

Зерделеу жұмыстары көрсеткендей, алаяқтық қылмыстарды жасаушылардыӊ көпшілігі әйел адамдар екен. Иккілердіӊ құрығына түсетіндердіӊ қатарын да нәзік жандылар құрайды.

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Қылмыстыӊ бір түрі - алаяқтық екені белгілі. Осы санаттағы қылмыстардыӊ тіркелуі 2016 жылдыӊ 5 айында 432-ні құраса, 2017 жылдыӊ 5 айында 328 болып, өткен жылмен салыстырғанда 24,1 пайызға төмендегенін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Қызылорда ІІД баспасөз қызметі. Аталған қылмыстардыӊ орын алуына жәбірленушілердіӊ шектен тыс аӊғалдығы, құқықтық сауаттылығыныӊ төмендігі, өз жұмыстарын оӊай жолмен шешуге тырысуы себеп болады.

Зерделеу жұмыстары көрсеткендей, алаяқтық қылмыстарды жасаушылардыӊ көпшілігі әйел адамдар екен. Иккілердіӊ құрығына түсетіндердіӊ қатарын да нәзік жандылар құрайды.

Сөзіміздіӊ айғағы ретінде бір дерекке мысал келтіре кетсек. 2017 жылдыӊ маусым айында ішкі істер органдарына Қызылорда қаласыныӊ 2 тұрғыны шағымданған. Тексеру жұмыстары барысында, өткен жылдыӊ қазан айында 1980 жылы туған азаматша "жұмысқа тұрғызып беремін" деген желеумен бірінен 250 000 теӊге, енді бірінен 150 000 теӊге алып, қайтармағаны анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 190-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Осы тектес дерек осыдан 9 күн бұрын тағы тіркелді. 1971 жылы туған азаматша "несие алып беремін" деп сеніміне кіріп, қала тұрғыныныӊ 150 000 теӊге ақшасын алаяқтық жолмен алған. Бұл дерек бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Дәл осы күні, яғни 2017 жылдыӊ 6 маусымында ішкі істер органдарына Жаӊақорған ауданыныӊ 25 жасар тұрғыны шағымданған. Жәбірленуші арызында И.Б. есімді азаматша "кезектен тыс мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін" деп сендіргені көрсетілген. Өз қызметін ол 140 мыӊ теӊгеге бағалапты. Алайда ақшасын алып, уәдесін орындамаған. Ақшаны заӊсыз иемденді деген күдікпен 43 жастағы аудан тұрғыны ұсталды. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 190-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Жер телімдерін сатып алу немесе басқа да мәселелер бойынша келісімшарттар жасамас бұрын, заӊгерлермен және құзырлы мемлекеттік орган қызметкерлерімен кеӊескен жөн. Ал алаяқтардыӊ арбауына түсіп қалған жағдайда уақытты босқа шығындамай ішкі істер органдарына арыздану керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны