15.06.2017, 14:05 3731

Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығыныӊ орынбасары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап заӊ аясында кеӊестер берді

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалыныӊ қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық ішкі істер департаменті бастығыныӊ орынбасары, полиция полковнигі Имірбек Шәймағанбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап заӊ аясында кеӊестер берді.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалыныӊ қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық ішкі істер департаменті бастығыныӊ орынбасары, полиция полковнигі Имірбек Шәймағанбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап заӊ аясында кеӊестер берді.

Департамент бастығыныӊ қабылдауына кіргендердіӊ бірі - Қызылорда қаласы КБИ мөлтек ауданыныӊ тұрғыны Ержан Исахаев. Азаматты мазалап жүрген мәселе - әкесіне себепсіз тағылған айып.

Ержанныӊ әкесі Исахаев Акбар Хайдарұлы Белкөл кентіндегі №189 орта мектепте математика пәнініӊ мұғалімі болып жұмыс жасайды. Жалпы білім саласында 35 жылға жуық жұмыс тәжірибесі бар маман қазір қамауда отыр. Оған осы сәуір айында "Осы мектептіӊ 6-сыныбында оқитын қызымныӊ аяғынан ұстады" ата-ана арызы себеп болған. Ержан департамент бастығыныӊ орынбасарынан осы мәселеніӊ заӊдылығын анықтап беруді сұрады.

Имірбек Шәймағанбетов аталған мәселе бойынша қосымша уәждерініӊ ескерілуімен, тергеу жұмыстары жүргізілетіндігін айтты. Қадағалау органы ретінде прокуратураға да өтініш түсіруге болатындығын назарға салды. Сондай-ақ істіӊ маӊыздылығы мен ауырлық санаты ескеріле отырып, облыстық ІІД тергеу басқармасына қосымша мәліметтер мен куәлердіӊ дәлелдері беріліп, осы басқарманыӊ ары қарай, сотқа дейінгі істі тергеу - тексеру амалдарын жүргізуге ықпал ететіндігін жеткізді.

Қамбар Ізтілеуов есімді азамат Белкөл кентіндегі үйі өртенгенін, бірақ Қызылорда қалалық ІІБ тарапынан тергеу тексеру жұмыстарыныӊ дұрыс жүргізілмегеніне наразылық білдірді.

Өзбекстан елінен қоныс аударып келген қандасымыздыӊ зайыбы осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болыпты. Қазір қолында бір қызы бар ол басынан кешкен жағдайдыӊ әділ тексерілуін сұрайды.

Оқиға бойынша департамент бастығыныӊ орынбасары қалалық ішкі істер басқармасы, Ақсай бөлімшесі полиция қызметкерлеріне істіӊ қайта зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Жыл басынан бері "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалыныӊ қоғамдық қабылдауында 881 қабылдау өткізілген. Соныӊ ішінде 37 қабылдауды құқық қорғау органдары басшылары жүргізді. Қоғамдық қабылдауға осы салаға қатысты сауалмен келген 76 адамныӊ 10-ныӊ мәселесі шешімін тапқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны