08.10.2018, 12:20 4012

Қызылорда облыстық құқық қорғаушылар "Рухани жаӊғыру" орталығында қонақта болды

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты биылғы Қазақстан халқына жолдауы да сөз болды.

Қызылорда. 8 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық құқық қорғаушылар "Рухани жаӊғыру" орталығында қонақта болды.

Қызылорда облыстық "Рухани жаӊғыру" орталығыныӊ сол жағалаудағы жаӊа ғимаратында ҚР Ішкі істер министрлігі қызмыстық-атқару жүйесі комитетініӊ Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері қонақта болды.

Шара барысында құқық қорғаушылар Елбасыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында аймақта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Орталық басшысы Н.Мыӊжас бағдарламадан туындайтын міндеттер мен өткізіліп жатқан шараларға және арнайы кіші бағдарламаларға тоқталды. Орталықтыӊ жұмыс барысымен таныстырып, құқық қорғаушылардыӊ сауалдарына жауап берді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты биылғы Қазақстан халқына жолдауы да сөз болды.

Одан соӊ департаменттіӊ қырыққа жуық қызметкері Қызылорда қаласы тарихы музейінде болып Сыр елініӊ тарихы мен бүгінінен сыр шертетін деректермен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны