05.04.2017, 19:03 4885

Қызылорда облыстық оқушылар Астанада өткен халықаралық зияткерлер кубогына қатысты

Шарт бойынша қатысушылар 6 пән бойынша білімдерін дәлелдеп, тест тапсырды, шығарма жазып, дебатқа қатысты.

Қызылорда. 5 сәуір. Kazakhstan Today - №10 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатыныӊ оқушылары 31 наурыз - 1 сәуір аралығында Астана қаласында өткен "World Scholar's Cup Astana Round 2017" Халықаралық зияткерлер кубогына қатысты. Биыл халықаралық кубокка 400 оқушы қатысса, оныӊ 100-і Қырғызстаннан келді.

Шарт бойынша қатысушылар 6 пән бойынша білімдерін дәлелдеп, тест тапсырды, шығарма жазып, дебатқа қатысты. Оқушыларымыз алғаш рет қатысып отырғандарына қарамастан кубоктан 1 алтын,11 күміс медаль иеленді. Сонымен қатар біздіӊ 2 команда да әлемдік кезеӊге жолдама иеленді.

Жалпы, әлем бойынша сайысқа жыл сайын 20 мыӊ оқушы қатысып, соныӊ 3 мыӊы ғана финалға жолдама алады. Биылғы білім бәйгесінде оза шапқан шәкірттер алдағы маусым айында Вьетнамда, Оӊтүстік Африкада және Грекияда өтетін ақтық кезеӊде білімі мен білігін сынайды. №10 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатыныӊ 9-сынып оқушылары Ботакөз Жақсылық, Жансая Ойданова, Фариза Сәкібаева, Нұрай Серікқызы, Ақерке Ақберген мен Жанбота Байділда бұл додадан жүлдесіз қайтпайды деп сенеміз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны