19.05.2017, 15:24 5756

Қызылорда облыстық Тасбөгет кенті әкімдігінде жас қолөнер шеберлерініӊ көрмесі өтті

Қызылорда облыстық Тасбөгет кенті әкімдігінде жас қолөнер шеберлерініӊ көрмесі өтті. "Қызылорда облысыныӊ Азаматтық Альянсы" қауымдастығыныӊ баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл көрменіӊ ерекшелігі сол - оған қойылған жұмыстарды мүмкіндігі шектеулі балалар әзірлеген.

Қызылорда. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық Тасбөгет кенті әкімдігінде жас қолөнер шеберлерініӊ көрмесі өтті. "Қызылорда облысыныӊ Азаматтық Альянсы" қауымдастығыныӊ баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл көрменіӊ ерекшелігі сол - оған қойылған жұмыстарды мүмкіндігі шектеулі балалар әзірлеген.

"Көкжиек" қоғамдық қорыныӊ жетекшісі Айман Тұрбаева барлық балалардыӊ қолөнер үйірмесіне қатысатынын айтып отыр.

- Үйірме жұмысын біздіӊ қор осыдан 4 жыл бұрын ұйымдастырған, - дейді ол. - Қазір онда 7 ден 16 жасқа дейін 40 бала қатысуда. Бүгін солардыӊ 27-сі көрмеге өз жұмыстарын қойды.

Көрмеге көрпеше, тігін бұйымдары мен бисерден жасалған әшекейлер қойылды.

Тағдырына мойымаған кішкентай қолөнер шеберлері ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны