19.06.2017, 11:10 3501

Қызылорда облыстық театрыныӊ жанынан құрылған "Нартай бүлдіршіндері" қуыршақ тобы халықаралық қуыршақ театрларыныӊ фестиваліне қатысты

Шараға Қызылорда облыстық Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрыныӊ жанынан құрылған "Нартай бүлдіршіндері" қуыршақ тобыныӊ режиссер К. Жанмұратова, артистер А. Қиятова, Р. Қаймашова, Н. Ерден тәжірибе алмасу мақсатында қатыстып қайтты.

Қызылорда. 19 маусым. Kazakhstan Today - "Түркістан - Түркі әлемініӊ мәдени астанасы" бағдарламасы аясында 6-9 маусым аралығында Шымкент және Түркістан қалаларында "Ортеке" V Халықаралық қуыршақ театрларыныӊ фестивалі болып өтті.

Бұл фестиваль қазір дамуы кенжелеп қалған қуыршақ театрын қайта жаӊғыртатын жақсы бастама болды. Шараға Қызылорда облыстық Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрыныӊ жанынан құрылған "Нартай бүлдіршіндері" қуыршақ тобыныӊ режиссер К. Жанмұратова, артистер А. Қиятова, Р. Қаймашова, Н. Ерден тәжірибе алмасу мақсатында қатыстып қайтты.

Кәсіби қуыршақ өнері саласындағы аймақаралық ынтымақтастықты нығайту және халықаралық мәдени байланыстарды дамыту, қуыршақ театры актерлерініӊ кәсіби және орындаушылық шеберлік деӊгейін арттыру, отандық қуыршақ театры өнерін дамытуға ықпал етуді мұрат тұтқан фестивальде М.Жанғазиев атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театры, Абдолла Шайг атындағы Изербайжан мемлекеттік қуыршақ театрларымен қатар біздіӊ еліміздегі Ақтөбе, Маӊғыстау, Шымкент және Жезқазған қалаларындағы ұжымдар өнері тамашаланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны