27.04.2017, 16:40 4977

Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы оқушыларға арнап "Ашық есік күнін" өткізді

Оқушылар Қызылорда қаласындағы iD Center демонстрациялық залында болды, онда жеке тұлғаларға қызмет көрсету орталығыныӊ операторы Абдрахманова Гүлнұр заманауи телекоммуникация қызметтерімен таныстырды.

Қызылорда. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы қала мектептерініӊ жоғары сынып оқушыларына арнап "Ашық есік күнін" өткізді.

Оқушылар Қызылорда қаласындағы iD Center демонстрациялық залында болды, онда жеке тұлғаларға қызмет көрсету орталығыныӊ операторы Абдрахманова Гүлнұр заманауи телекоммуникация қызметтерімен таныстырды. Балаларға "Имбебап нөмір", "Кейінге қалдырылған төлем" және "Ата-ана бақылауы" секілді қызметтер демонстрацияланды. Оқушылар жаӊа технологияларды қалай қолдану керектігін және оларды өмір сапасын жақсартуда қалай пайдаланатынын білді.

"Аталмыш іс-шараныӊ негізгі мақсаты - қызылордалықтардыӊ бүгінгі күні біздіӊ компаниямен ұсынылған қызметтер мен сервистер туралы, жаӊа технологиялар жайлы хабардарлығын арттыру " ,- екенін атап өтті коммерциялық директор Айсаева Асия.

Оқушыларға компаниямен сатылатын жобалар мен жаӊа технологияларды коммутациялық жабдықты техникалық қолдау цехыныӊ бастығы Светлана Омарбаева таныстырды.

"Бүгін біз "Қазақтелеком" компаниясы мен ұсынылатын қызметтер туралы, біздіӊ аймағымызда жүзеге асырылып жатқан жаӊа жобалар жайлы көп жаӊалық естідік ", - деп №1 мектеп-гимназия оқушысы Абдуали Аделхан өз әсерімен бөлісті.

Іс-шара аясында оқушылар жаӊа технологиямен танысып қана қоймай, байланысшылар жұмысын да көрді. Қызылорда ОТД қызметкерлері балалардыӊ көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді, жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды дайындау спецификасына ерекше көӊіл бөле отырып, қалаушыларға байланысшы мамандығы туралы түсіндірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны