04.10.2018, 12:33 5059

Қызылордада аймақтыӊ үздік мұғалімдері марапатталды

Облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, аймақтыӊ білім беру саласындағы жетістіктерін атап өтті.

Қызылорда. 4 қазан. Kazakhstan Today - Ұстаздар күніне орай Қызылордада аймақтыӊ үздік мұғалімдері марапатталды.

Облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, аймақтыӊ білім беру саласындағы жетістіктерін атап өтті.

"Біз білім беру саласына айрықша көӊіл бөлеміз. Соӊғы жылдары бюджеттен бөлінетін қаражаттыӊ да еӊ көп бөлігініӊ әлеуметтік салаға, соныӊ ішінде білім саласына бөлінуі - соныӊ дәлелі. Биыл аймақтыӊ 60% қаржысы әлеуметтік салаларға жұмсалды. Елбасыныӊ тапсырмасына сәйкес біздіӊ өӊірімізде үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді, апаттық мектептер қатары жойылды және 3-6 жас арасындағы бүлдіршіндер балабақшамен 100% қамтылды. Білікті де білімді ұстаздарымыздыӊ арқасында дарынды оқушыларымыз шет елдерде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарында жүлдегер атанып жүр. Биыл мектеп бітірген түлектердіӊ 97%-ы жоғары және арнайы оқу орындарына түсті",-деді облыс әкімініӊ орынбасары.

Кәсіби біліктіліктері үшін бірқатар облыс ұстаздары ҚР Білім және ғылым министрілігініӊ "Ы.Алтынсарин" және "Білім беру ісініӊ Құрметті қызметкері" төсбелгісімен, министрліктіӊ Құрмет грамотасымен, облыс әкімініӊ Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, "Ұстазым, өтермін бір өзіӊе басымды иіп..." тақырыбындағы бейнероликтер сайысыныӊ жеӊімпаздары Арал ауданыныӊ №13 мектебіне, Қазалы ауданыныӊ №93 білім ошағына және Қызылорда қаласыныӊ №222 мектебіне бағалы сыйлықтар (ноутбук) табысталды.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

Біз бүгінгі жаӊа атаулы ертеӊ-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеӊіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Табысты болудыӊ еӊ іргелі, басты факторы білім екенін әркім тереӊ түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердіӊ қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді".

Ал жастарға білімге құштарлықты дарытатын ұстаздар мен оқытушылар бұл идеяны басты жүзеге асырушылар екені анық.

Атап өтейік, 2018-2019 жаӊа оқу жылында аймақтағы 293 мектепте 20 466 мұғалім жұмыс істейді, ал оқушылар саны - 153 541-ды құрап отыр.

Естеріӊізге сала кетейік, Дүниежүзілік ұстаздар күні 1994 жылдан бастап жыл сайын 5 қазанда атап өтіледі. 1966 жылы мұғалімдердіӊ мәртебесі туралы ЮНЕСКО / ХЕҰ ұсынысына қол қойды. Бұл күн Біріккен ұлттар ұйымыныӊ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ), Біріккен ұлттар ұйымыныӊ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ), Халықаралық еӊбек ұйымы және Білім беру интернационалымен бірлесіп құрылған. Қазақстанда мұғалімдер күні қазан айыныӊ бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

Жаӊа оқу жылында Қазалы және Жаӊақорған аудандарында 300 орынға арналған жаӊа мектептер пайдалануға берілді. Бұдан басқа, жылдыӊ соӊына дейін Аралда 300 орынға және Қызылордада 600 орынға арналған мектептер салынады. 5 жылдыӊ ішінде облыста 45 мектеп, оныӊ ішінде 37-сі апаттық мектептіӊ орнына салынды. Қазіргі таӊда аймақтағы орта мектептердіӊ 100 пайызына кеӊжолақты интернет тартылып, электронды "Күнделік" жүйесіне қосылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны