30.05.2017, 18:19 3636

Қызылордада ақпараттық-кеӊес беру орталығы ашылды

Қоғамдық бақылауды дамытуға арналған арнайы orda-kenes.kz сайты жұмыс жасауда. Онда қоғамдық кеӊес туралы барлық ақпарат жарияланған. Осы сайт арқылы кеӊестіӊ күн тәртібіндегі кез келген мәселе бойынша сұрақ қоя алады.

Қызылорда. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордада халықпен жұмыс істеу, қоғамдық кеӊестердіӊ елмен байланысын дамыту мақсатында ақпараттық-кеӊес беру орталығы жұмысын бастады.

Азаматтық Альянсы қауымдастығыныӊ атқарушы директоры Аққорлан Иманқұлованыӊ айтуынша орталық облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ тапсырысымен "ҮЕҰ-ныӊ қатысуымен қоғамдық кеӊестер мен әлеуметтік бақылауды арттыру" әлеуметтік жобасы аясында ашылып отыр.

Азаматтық Альянсы қауымдастығы баспасөз қызметініӊ хабарлауынша орталықта азаматтардыӊ арыз-шағымын қабылдайтын жәшік орнатылған. Кез келген азамат қоғамдық кеӊесті жетілдіру, қазіргі мәселелерді шешу жолындағы ұсыныстарымен орталыққа хабарласа алады.

Қоғамдық бақылауды дамытуға арналған арнайы orda-kenes.kz сайты жұмыс жасауда. Онда қоғамдық кеӊес туралы барлық ақпарат жарияланған. Осы сайт арқылы кеӊестіӊ күн тәртібіндегі кез келген мәселе бойынша сұрақ қоя алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны