01.06.2017, 17:12 3922

Қызылордада балалар мен жастардыӊ музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерініӊ шеруі болып өтті

Музыкалық шерудіӊ мақсаты - бұл "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердіӊ салтанатты, көше-фестивальды шеруді қолдау және дамыту болып табылады.

Қызылорда. 1 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ облыс орталықтарында тұӊғыш рет балалар мен жастардыӊ музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерініӊ шеруі болып өтті. Шараға облыстағы мектептердіӊ өнерпаздарымен қатар арнаулы және жоғарғы оқу орындарыныӊ студенттері де өз үлестерін қосты.

Музыкалық шерудіӊ мақсаты - бұл "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердіӊ салтанатты, көше-фестивальды шеруді қолдау және дамыту болып табылады.

Еліміздіӊ мәдени өмірінде бірегей оқиғаға баланған шеруге облыстыӊ әр ауданы мен қаласынан келген барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, хор және би ұжымдары қаланыӊ орталық көшелерімен жүріп өтті.

Мереке иелерін құттықтаған облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов балалар құқықтарыныӊ қорғалуы баршаға міндет екенін айтып, аймақ бойынша балғындар тәрбиесін жақсарту, оларды жазғы демалыспен қамту бағытындағы бастамаларды баян етті.

Бүгінгі таӊда елімізде балалардыӊ алаӊсыз білім алуына, бақытты балалық кезеӊдерін өткізуге барлық жағдай жасалған. Балаға тәрбие беретін еӊ алдымен оныӊ ата-анасы болса, екінші, тәрбиемен қоса білім беретін балабақша,мектеп және оныӊ өскен ортасы. Елбасы Н.И.Назарбаевтіӊ ұрпақ болашағы үшін білім саласыныӊ алдына қойған үш негізгі тапсырмасы Қызылорда облысында толықтай орындалды десек те болады. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт және құт-береке тілеймін! Еліміздегі жас өскелеӊ ұрпақ аман болсын!", - деді ол өз құттықтауында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны