19.06.2017, 11:21 3715

Қызылордада еліміздіӊ медициналық ҒЗИ мамандары емдеудегі озық тәсілдерімен бөлісуде

Республикалық акция аясында педиатрия және балалар хирургиясы институтыныӊ білікті дәрігерлері шеберлік сабақтарын өткізу үстінде. Сондай-ақ Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтыныӊ мамандары да ауруды анықтау мен емдеудегі озық тәсілдерімен бөліседі.

Қызылорда. 19 маусым. Kazakhstan Today - Республикалық акция аясында педиатрия және балалар хирургиясы институтыныӊ білікті дәрігерлері шеберлік сабақтарын өткізу үстінде.

Сондай-ақ Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтыныӊ мамандары да ауруды анықтау мен емдеудегі озық тәсілдерімен бөліседі. Сыр өӊіріне 2 күнге келген хирургтер танымдық семинар және қажетті кеӊестерден бөлек сәбилерге операция жасап, бірнеше ересек адамныӊ қатерлі ісігін кесіп алып тастайды. Жоғары білікті мамандардыӊ айтуынша, инновациялық әдістер тәуекелділікті азайтып, операция уақытын қысқартады. Сонымен қатар пышаққа түскен науқастыӊ тез оӊалуына жағдай туғызады.

- Біздіӊ бағдарламамызда жергілікті мамандарға өӊеш-тамақ, кеуденіӊ ішкі тұстарына қайта құру секілді пластикалық операциялар жасауды үйретеміз. Бұл ағзаны сақтаушы операцияларға қолдыӊ ебі керек. Операция үстелінен тұрған науқастыӊ өмір сүру сапасы бірден артуы тиіс,- дейді Онкология және радиология ҚазҒЗИ дәрігері Эмиль Баймұхамбетов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны