22.10.2018, 15:10 6116

Қызылордада "Ой - теӊіз, сөз - маржан" атты ақын-жазушылармен кездесу кеші ұйымдастырылды

Кеш барысында жастар ақын-жазушылардыӊ шығармашылығы мен әдебиет саласындағы жаӊалықтар жайлы көкейде жүрген сұрақтарын қойып, қонақтармен сұхбаттасты.

Қызылорда. 22 қазан. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында 2018 жылғы 19 қазанда И. Тәжібаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында жастардыӊ қазақ әдебиетіне қызығушылығын арттыру, өскелеӊ ұрпақтыӊ рухани жан-дүниесін байыту, жергілікті ақын-жазушылардыӊ шығармашылығын насихаттау мақсатында "Ой - теӊіз, сөз - маржан" атты ақын-жазушылармен өтетін кездесу кеші өткізілді.

Аталмыш шараға Сыр бойыныӊ белгілі ақын-жазушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарыныӊ студенттері, тілдерді оқыту орталығыныӊ қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

"Ой - теӊіз, сөз - маржан" атты әдеби кешті "Сыр дидары" газетініӊ бас редакторы, журналист Сәкен Алдашбай жүргізді. Идеби кешке ақын, Қазақстан Жазушылар Одағыныӊ мүшесі Толыбай Абылаев, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда облыстық филиалыныӊ директоры Қаршыға Есімсейітова, ақын, журналист-тележүргізуші Толқын Қабылша қонақ ретінде шақырылды.

Кеш барысында жастар ақын-жазушылардыӊ шығармашылығы мен әдебиет саласындағы жаӊалықтар жайлы көкейде жүрген сұрақтарын қойып, қонақтармен сұхбаттасты.

Сонымен қатар әдеби кеште Қорқыт атындағы ҚМУ-дыӊ, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжініӊ, М. Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжініӊ студенттері ақындардыӊ шығармаларын орындады.

Кеш соӊы Толқын Қабылшаныӊ сөзіне жазылған "Астана" әнімен қорытындыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны