19.07.2017, 21:59 4649

Қызылордада полиция қызметкерлеріне автокөліктер берілді

Қызылорда облысы аумағында есірткініӊ заӊсыз айналымына тосқауылды күшейту және нашақорлықтыӊ алдын алу мақсатындағы бірнеше жобалар жүзеге асырылып, тиісті ұйымдастырушылық шаралар жасалуда.

Қызылорда. 19 шілде. Kazakhstan today - Қызылорда облысы аумағында есірткініӊ заӊсыз айналымына тосқауылды күшейту және нашақорлықтыӊ алдын алу мақсатындағы бірнеше жобалар жүзеге асырылып, тиісті ұйымдастырушылық шаралар жасалуда.

Осындай шаралардыӊ бірі ретінде 2017 жылғы 18 шілдеде Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ және Кинологиялық қызмет орталығыныӊ теӊгеріміне есірткі қылмыстарын жедел түрде ашу, есірткініӊ заӊсыз айналымымен күрестіӊ нәтижелілігін одан әрі арттыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында 5 автокөліктіӊ кілті табысталды. САN-AM Commander 800 DPS жүріп өту мүмкіндігі күрделі аумақтарға арналған жоғары жылдамдықты автокөлігі, "Toyota HILUX" автокөлігі, қызметтік-іздестіру иттерін тасу үшін жарақтандырылған ГАЗ-27527 "Соболь" автокөлігі Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігініӊ қарамағындағы Искери ынтымақтастық бөлімініӊ қолдауымен қайтарымсыз негізде алынған.

Бірнеше жылдар бойы есірткі бизнесіне қарсы күрес арнайы бөліністеріне Америка Құрама Штаттарыныӊ Қазақстандағы Елшілігініӊ бөлімдерімен ынтымақтасу шеӊберінде техникалық құрал-жабдықтар беріліп келеді.

Есірткі бизнесіне қарсы күресті тікелей жүзеге асырушы бөліністер мен кинологиялық қызметке соӊғы 5 жылда жалпы сомасы 2 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінді.

Шараға Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті бастығыныӊ орынбасары полиция полковнигі Ерсейітов Ардақ Жайдақұлы және Қызылорда облысы әкімі аппаратыныӊ орынбасары Шотаев Серік Есіркепұлы, департамент басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменті бастығыныӊ орынбасары А.Ж.Ерсейітов өз сөзінде аталған автокөліктер Есірткіге қарсы күрес бағдарламасы шеӊберінде сатып алынғандығын және жету жағдайы күрделі аумақтарда жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде қолданылатындығын көрсетті.

Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығыныӊ бірінші орынбасары полиция полковнигі Ғани Төлебаев сөз алып, бүгін беріліп отырған техникалар есірткі құралдарына қатысты заӊ бұзушылықтарды анықтау, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдыӊ тиімділігін арттыру кезінде оӊ нәтижелерге қол жеткізетіндігін атап өтті.

Атап өтерлік жайт, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді анықтау, осындай деректерге қатысты келіп түскен хабарламаларға жедел түрде ден қойып, барлық құзырлы қызмет салаларымен осы бағыттағы жұмысты үйлестіру мақсатында 2017 жылы Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінде "Дельта-Сырдария" арнайы бөлімшесі құрылған болатын,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны