28.03.2007, 19:06 3208

Қызылордада үйлерін жыл сайын су басып кету қаупі туатын бақшашылар үшін жаңа ауыл салынбақ

ҚЫЗЫЛОРДА. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Қызылордада үйлерін жыл сайын су басып кету қаупі туатын бақшашылар үшін жаңа ауыл салынбақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Сырдарияның сол жақ жағалауында Шіркейлі арнасының маңынан салтанатты түрде жаңа саяжай кешені қаланды, оны Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммеддің ұсынысымен "Наурыз" деп атады.

Облыстың ішкі саясат департаментінде хабарлағандай, жаңа кешенге "Водхоз", "Швейник" және "Пищевик" саяжай ауылдарының тұрғындары көшіріледі деп жоспарланған. Соңғы жылдары осы ауылдардың аумағын үнемі су шайып кету қаупі туындайды, және де бұл жағдайдың қайта қайталанбасына ешкім кепілдік бере алмай отыр, деп санайды департаменттегілер.

Аймақ басшысының шешімі бойынша "Наурыз" саяжайын салуға "Демеу" корпортивтік қорынан 112 миллионнан астам теңге бөлінген. Бұл қаржыға тас жол тарту, ауылды электрлендіруді жүзеге асыру, суарау желісін салу және де ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Жобада бірінші рет үш таксофон орнату қарастырылған.

Ал су қорғау аймағының аумағында қалған су басатын аумақтарда саябақ тұрғызуға шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны