30.03.2017, 16:12 5837

Қызылордада "WorldSkills Kazakhstan" Ұлттық чемпионатыныӊ аймақтық іріктеу байқауы өтті

Жалпы "WorldSkills Kazakhstan" Ұлттық чемпионаты 2014 жылдыӊ 10 шілдесінен бастап "WorldSkills International" халықаралық қозғалысыныӊ қатысушысы болып бекітілген болатын, бұған әлемніӊ 76-дан астам мемлекеті қатысып келеді.

Қызылорда. 30 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ білім басқармасы аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыныӊ студенттері арасында "WorldSkills Kazakhstan" чемпионатына аймақтық іріктеу байқауын өткізді.

Байқауда студенттер "Дәнекерлеу (пісіру) технологиясы", "Сантехника және жылыту", "Кірпіш қалау", "Аспазшы ісі", "Киімдер дизайны және модельдеу", "Ақпараттық жүйелерді басқару", "Слесарь - ісі", "Электромонтаждау", "Жүк автокөліктеріне техникалық қызмет жасау", "Шаштараз өнері" мамандығы бойынша, "Веб-дизайн" мамандықтары бойынша кәсіптік байқауда сынға түсті.

Жалпы "WorldSkills Kazakhstan" Ұлттық чемпионаты 2014 жылдыӊ 10 шілдесінен бастап "WorldSkills International" халықаралық қозғалысыныӊ қатысушысы болып бекітілген болатын, бұған әлемніӊ 76-дан астам мемлекеті қатысып келеді.

"WorldSkills International" халықаралық қозғалысыныӊ негізгі мақсаты - жұмысшы мамандығыныӊ құзіреттілігін көтеру, техникалық, оныӊ ішінде жұмысшы кәсіптеріне жастардыӊ қызығушылығын арттыру болып табылады.

Осыған орай, "WorldSkills Kazakstan" ұлттық чемпионатына аймақтық іріктеу өткізу - халықаралық тәжірибені пайдалану және 18-22 жастағы жастар арасынан кәсіп үздіктерін анықтау болып отыр.

Біздіӊ өӊірімізде аталған байқау үшінші рет өткізіліп отыр.

Биылғы жылы 11 кәсіби мамандық бойынша аймақтық іріктеу байқауына жоғары оқу орындарыныӊ, жас мамандар мен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан 75 білім алушы қатысты.

Байқауға қатысушылардыӊ жұмысына сарапшылық жасауға әлеуметтік серіктестік мекемелерден, кәсіпорындардан сарапшылар іріктеліп алынды. Жеӊімпаздар республикалық кезеӊге жолдама алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны