12.06.2014, 21:45 3415

Қызылордада Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтеді

2014 жылдың 13 маусымы күні Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XVIII көшпелі отырысы өткізіледі.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. 2014 жылдың 13 маусымы күні Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XVIII көшпелі отырысы өткізіледі.

Кеңес отырысы барысында "Жасыл ел" жобасының жүзеге асырылу барысы сөз болады. Осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы Білім және Ғылым вице министрі Т.Балықбаев және республикалық "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының жетекшісі Р.Хамидуллин баяндама жасайтын болады.

"Жасыл ел" бағдарламасы мемлекеттік жастар саясатының маңызды бағыты болып саналады. 2005 жылдан бастап республиканың барлық аймақтарында "Жасыл ел" еңбек жасақтары өз жұмыстарын белсенді атқарып келеді.

9 жыл көлемінде "Жасыл ел" еңбек жасағының сарбаздар саны 200 мың адамға жетті. 44 млн-ға жуық талдар отырғызылып, 111 мың га. жер көркейтіліп, абаттандырылды. Осы бағыттағы жұмыстарға республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге қаржы бөлінді.

Үстіміздегі жылдың сәуір-мамыр айларында 8 аймақта (Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау) 1872 жасыл ел сарбаздары жұмысқа кірісті. Жыл аяғына дейін 13 мың адамды жұмысқа орналастыру көзделуде.

Биылғы жылы Қызылорда облысында аталмыш жобаға 1000 сарбаз тартылады. "Жасыл ел" еңбек жасақтарының облыстық штабының ұйымдастыруымен "Менің таза қалам", "Көгалдандыруды өз аулаңнан баста", "Таза қала - таза ел", "Жасыл жапырақ" секілді жобалар жүзеге асырылып, акциялар ұйымдастырылуда.

Алдағы уақытта "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының облыстық штабының материалды-техникалық базасын күшейту жұмыстары жүргізілмек. Кеңес отырысы аясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық "Жасыл ел" еңбек жасағының штабына автобус және жеңіл автокөлік табыс етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны