06.10.2006, 13:20 3764

Қызылордада жастардың еңбек топтары 53 мың ағаш отырғызды

ҚЫЗЫЛОРДА. 6-қазан. Kazakhstan Today. Қызылордада жастардың еңбек топтары 53 мың ағаш отырғызды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

2005-жылы басталған "Жасыл ел" бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысын журналистерге облыстық штабтың төрағасы Есенжол Насыров таныстырды.

Оның айтуынша, балалар тек ағаштар отырғызып қана қоймай, сонымен бірге 60 мың метр арық қазды. Оларға бұрын отырғызылған 59 мың ағаштар мен бұталардың бағым-күтімімен шұғылдану тапсырылды. Сонымен бірге жастардың еңбек топтары бірқатар экологиялық шараларды жүзеге асырды.

Е.Назаровтың айтуынша, биыл қаланы жайластыру мен ағаштар егуге 700 студент пен жұмыссыздарды тарту мүмкіндігі туды. "Келесі жылы облыстық "Жасыл ел" штабы топтардың құрамындағы жастардың санын, соның ішінде ауыл жастарын көбейтуді көздеп отыр. Қазір қысқы демалыс кезінде студенттерді жұмысқа қамту мәселесі қарастырылып жатыр".

Биыл жергілікті бюджеттен бағдарламаға қатысушыларға еңбекақы төлеуге 7 млн. 750 мың теңге, республикалық бюджеттен 12 млн. 500 мың теңге бөлінген. Салықты қоспағанда 27 мың теңге көлеміндегі жалақы балалар үшін біршама демеу болды",- деді штаб бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны