17.05.2017, 14:26 4151

Қызылордада "Желі әдебі немесе нетикет" тақырыбында дәріс оқылды

Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасы және "Руханиятты қолдау" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен "Мемлекеттік ақпараттық саясатты интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде жүргізу және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалануды үйрету жөніндегі ақпараттық қызметті ұйымдастыру" әлеуметтік қызметі аясында "SMM негіздері және желідегі контент" атты семинар-тренинг өтті.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - 2017 жылы 16 мамырда Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасы және "Руханиятты қолдау" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен "Мемлекеттік ақпараттық саясатты интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде жүргізу және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалануды үйрету жөніндегі ақпараттық қызметті ұйымдастыру" әлеуметтік қызметі аясында "SMM негіздері және желідегі контент" атты семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингті танымал блогер Аршат Ораз жүргізді.

Семинар-тренингке аймақтық блогерлер, баспасөз хатшылары, журналистика мамандығы бойынша білім алушылар қатысты.

Семинар-тренинг мақсаты - әлеуметтік желідегі SMM негіздерін түсіндіру, контент маӊызын дамытудыӊ жолдарын үйрету.

Қазіргі таӊда әлеуметтік желініӊ әлеуеті артып, қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал ететін деӊгейге жетті. Алайда әлеуметтік желідегі әдеп, сауаттылық мәселелері әлі күнге дейін өзекті тақырып болып отыр. Осыған мәселелерді негізге ала отырып, семинар-тренинг барысында "Желі әдебі немесе нетикет", "Ақпараттық соғыс және қорғаныс амалдары", "SMM негіздері және желідегі контент қандай болуы тиіс?" тақырыптары бойынша дәріс оқылып, қатысушылар тапсырмалармен жұмыс жасады.

Семинар-тренингте жергілікті блогерлер, баспасөз хатшылары, сондай-ақ журналистика мамандығы бойынша білім алушылар әлеуметтік желіде сауатты пікір білдіру, ой тастау, аудиторияны қызықтыратын тақырыптарды қозғаудыӊ әдіс-тәсілдерін үйренді.

Семинар-тренинг соӊында сертификат берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны