09.06.2015, 10:48 3649

Қызылордада жыл басынан бері бейнекамералардыӊ көмегімен 18444 құқық бұзушылық анықталған

Облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардыӊ алдын-алу, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға бейнебақылау камералары орнатылып, көп жағдайда көшедегі жол жүру ережесін бұзғандарды анықтауда септігін тигізіп келеді.

Астана. 09 Маусым. Kazakhstan Today - Облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардыӊ алдын-алу, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға бейнебақылау камералары орнатылып, көп жағдайда көшедегі жол жүру ережесін бұзғандарды анықтауда септігін тигізіп келеді. Жалпы облыс орталығында 243 бейнекамера бар болса, олардыӊ барлығы Қызылорда ҚІІБ-ніӊ Жедел басқару орталығына қосылған. Аталған бейнекамералардыӊ 96-ы көпқабатты үйлердіӊ ауласында, 133-і көше қиылыстарында орналасқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жедел басқару орталығыныӊ техникалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы облыс орталығында жасалған қылмыстарды ашу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 2015 жылдыӊ 5 айында облыс орталығында орналасқан бейнекамералардыӊ көмегімен барлығы 113 қылмыстыӊ беті ашылса, есепті мерзімде анықталған құқық бұзушылықтыӊ саны 18444-ті құрап, олар бойынша әкімшілік шаралар көрілген.

Ал есепті мерзімде "мүлдем төзбеушілік" қағидаты бойынша жалпы 11 мыӊ әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оныӊ ішінде 8 мыӊ 255 азаматқа 37 млн. 186 мыӊ теӊге көлемінде айыппұл салынса, 451 азамат әкімшілік қамауға алынды.

Құқықтық сана-сезімді қалыптастырып, қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында қызылордалық полицейлермен атқарылатын қарқынды жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны