23.02.2007, 13:51 3103

Қызылордада жылдың басынан бері ВИЧ індетін жұқтырған екі адам анықталды, өткен жылы жеті адам, олардың біреуі Оңтүстік Африка Республикасынан келген дәрігер

ҚЫЗЫЛОРДА. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Қызылордада 2007 жылдың басынан бері ВИЧ індетін жұқтырған екі адам анықталса, өткен жылы жеті адам анықталған болатын, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық СПИД орталығынан.

"Осы жылы анықталған науқастың біреуі жергілікті тұрғын болса, ал екіншісі Өзбекстаннан келген азамат болып отыр. Өткен жылы Арал өңірінде ВИЧ індетін жұқтырғандардың саны жетеу болған, олардың арасында Оңтүстік Африка Республикасынан осы өңірге жұмысқа шақырылып келген фельдшер де бар",- деді облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Асылбек Тоғызбаев.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында ВИЧ індетін жұқтырғандардың саны 28-ге жетіп отыр, ең алғаш осы өңірде аталмыш індетті жұқтыру дерегі 1990 жылы анықталған болатын.

"Тек Арал өңіріндегі ахуалдың Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жағдаймен салыстырғанда артық екендігі ғана көңілге медеу",- деді Асқар Тоғызбаев.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінен хабарлағандай, өткен жылы барлық аудандық ауруханалардағы қан құю бөлімдеріне жалпы құны 10 млн 850 мың теңгені құрайтын жеті рефрижераторлық центрифуга сатып алынған. Үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен қан орталығын жабдықтау үшін 58,4 млн теңге көлемінде арнаулы трансферт бөлінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны