14.01.2014, 19:13 3459

Қызылордалық автобус паркі заманауи автобустармен толықты

Қызылордадағы автобус паркі жаңа 20 автобуспен толықты. Экологиялық таза көліктер газбен жүреді, деп Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Қызылордадағы автобус паркі жаңа 20 автобуспен толықты. Экологиялық таза көліктер газбен жүреді, деп Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Былтыр қараша айында Қызылорда облысы әкімдігі, "Байқоңыр" ИКК мен Еуропалық қайта құру даму банкі арасында мемарандумға қол қойылған болатын. Ол құжат бойынша Қызылорда қаласында заманауи автобус паркі құрылып жаңа жолаушы тасымалдаушы көліктер әкелінбек. Жаңа автобустар сатып алуға Еуропалық қайта құру және даму банкі 18,8 млн, доллар қаражат бөлген", - делінген хабарламада.

Автобустар мүгедек адамдардың мініп түсуіне де ыңғайлы. Автобус паркінің директоры Мұрат Нұғмановтың айтуынша бұл жаңа көліктердің сыйымдылығы 75-80 адам. Көп ұзамай Қызылорда көшелерінде осы су жаңа автобустар пайда болады. Келешекте тағы 100 автобус әкелу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жергілікті мамандарды Қытайдың арнайы білікті мамандары үйрететін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны