25.05.2011, 16:27 3642

Қызметтік тексеру нәтижесінде бірқатар ХҚКО басшылары қызметтерінен босатылды

"Алматы қаласының Медеу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жұмысына жүргізген мониторинг және қызметтік тексеру қорытындысында ХҚКО директорының ұйымдастыру жұмыстарын нашар жүргізгені анықталды. Алматы қаласы Медеу аудандық ХҚКО-ның басшысы А.А. Тортаев қызметінен босатылды.

Астана. 25 - мамыр. Kazakhstan Today - Қызметтік тексеру нәтижесінде бірқатар ХҚКО басшылары қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын үйлестіру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау жөніндегі Комитетінің жұмысына сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген стандарттары мен регламентін сақтамау фактілеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізген. Бұл туралы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Алматы қаласының Медеу аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жұмысына жүргізген мониторинг және қызметтік тексеру қорытындысында ХҚКО директорының ұйымдастыру жұмыстарын нашар жүргізгені анықталды. Алматы қаласы Медеу аудандық ХҚКО-ның басшысы А.А. Тортаев қызметінен босатылды.

Алматы аудандық ХҚКО-ның директоры Н.Е. Садықовқа ХҚКО-ның басшылық құрамының арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты алдын-алу шараларын нашар ұйымдастырғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды.

Бұған қоса, Комитет Төрағасының бұйрығымен Қостанай облыстық ХҚКО-ның директоры А.А. Богдановқа ХҚКО жұмысы мен сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын-алу шараларын нашар ұйымдастырғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды.

Кеңейтілген отырыста жұмысы қатаң сынға ұшыраған Астана қаласының Алматы аудандық ХҚКО-ның директоры Т. Иубәкіровтің қызметтен өз еркімен кету жөніндегі арызы қанағаттандырылды. Бұған қоса, оның екі орынбасары Б. Тұрғынов пен Т. Сағынаев өз еріктері бойынша жұмыстан босату туралы арыз берді.

Комитет Төрағасының бұйрығымен Алматы қаласындағы ХҚКО-ның басшылары орын ауыстырды: бұрын Алмалы аудандық ХҚКО-ның директоры қызметін атқарған А. Ахметов енді Медеу аудандық ХҚКО-ның директоры лауазымына тағайындалса, оның орнына бұрын Бостандық ауданының ХҚКО басқарған Г. Құлмұхамед тағайындалды. Бостандық аудандық ХҚКО А.Мамажанова басқаратын болды.

Комитет Төрағасы Б. Ибішевтің айтуынша: "Бүгінгі күні ХҚКО қызметкерлерінің жұмысының сапасыздығы мен қызмет көрсетуді ұсынушы- өкілетті мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының әлсіздігі, сыбайлас жемқорлық фактілерінің көрініс беруі азаматтардың ренішін тудыруда. Осыған орай, Комитет Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа жол беретін әрекеттерді болдырмау туралы тапсырмасын орындау мақсатында белсенді түрде жұмыс атқаруда. Қазіргі күні Комитет ХҚКО-ның басшылары құрамының жұмыс сапасымен танысып, сараптама жүргізілуде. Сараптама қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады".

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен ХҚКО-ның басшыларының жиналысы болып өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны