02.02.2012, 16:08 2818

ҚМ Кедендік бақылау комитетінің жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті ұжымына жаңадан тағайындалған басшы Мәжит Есенбаевты таныстырды.

Астана. 2-ақпан. Kazakhstan Today - ҚМ Кедендік бақылау комитетінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті ұжымына жаңадан тағайындалған басшы Мәжит Есенбаевты таныстырды.

Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев 1949 жылы Павлодарда туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Мамандығы бойынша экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Еңбек жолын Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы нормативтерді жоспарлау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының экономисі, халық депутаттары Қарағанды облыстық кеңесі атқару комитетінің бас жоспарлау-экономика басқармасы бастығының орынбасары, халық депутаттары Қарағанды облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып бастады.

Бұдан кейін еңбек қызметін ҚР Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы болып жалғастырды. 1997 жылдан Қарағанды облысының әкімі. 1999 жылдан ҚР Қаржы министрі. 2002 жылдан ҚР экономика және сауда министрі, кейінірек - ҚР индустрия және сауда министрі болып тағайындалды. 2003 жылдан - ҚР Президентінің көмекшісі.

2004-2008 жылдары - Ақмола облысының әкімі. 2008 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасының Бәсекелестіктікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны