14.08.2017, 16:05 3875

Көкшетау қаласында тұӊғыш рет "OpenAir" шоу концерті өткізілді

Көкшетау қаласында тұӊғыш рет халықаралық жастар және құрылысшылар күніне арналған, қазақстандық эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен Қопа көлініӊ жағасында "OpenAir" шоу концерті өткізілді.

Көкшетау. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Көкшетау қаласында тұӊғыш рет халықаралық жастар және құрылысшылар күніне арналған, қазақстандық эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен Қопа көлініӊ жағасында "OpenAir" шоу концерті өткізілді.

Көкшетауда бiрiншi рет Қопа көлiнiӊ жағалуында аспан астында өтетiн Open Air шоуы ұйымдастырылды. Аталған шара халықаралық жастар күнi мен құрылысшылардыӊ кәсiби мерекесiне арналды. Бiрегей форматта өткiзiлген фестивальды тамашалуға мыӊдаған көкшетаулық жиналды.

Қос мереке ерекше мазмұнды әрі айрықша көӊілді шара болды. Тұӊғыш рет өткізілгендіктен бе екен, қала тұрғындары мен жастар және құрыш қолды құрылысшылар мейлінше көп болды. Қызғылықты шара барысында ағымдағы жылдыӊ 3-9 тамызы аралығында жұмысшы жастар арасында өткен "Таланттар алаӊы-2017" шығармашылық фестивалініӊ жеӊімпаздары марапатталды. Осы күні көкшетаулықтар қазақстандық эстра жұлдыздары Или Оқапов, "Алау", "Аюми", "VoxAcapella" және "Ziruza" топтарыныӊ концертін тамашалады. Исіресе, жас, талантты әнші Илидіӊ көкше жастарына ән шырқауы тыӊдармандарға тосын сый болды. Заманауи әндерімен жастардыӊ жүрегін жаулаған өзге әншілерде Қопа көлініӊ жағасын әсем әнге бөледі.

Айталық, осынау жұлдыздарды өӊірдегі құрылыс компаниялары кәсіби мерекесіне арнайы шақыртқан. Концерттік бағдарлама соӊы "Dj Soulia", "Dj Green" және "Dj Kramp" жастар дискотекасы мен мерекелік от шашуға ұласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны