30.04.2014, 22:12 9620

Көкшетауда 1 Мамыр күні халықтық бұйымдардың көрмесі өтеді

"Тәуелсіздік" алаңында 1 Мамыр күні Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай "Мақсаттың бірлігі - рухани үндестік" атты достық фестивалін өткізу жоспарланған.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. "Тәуелсіздік" алаңында 1 Мамыр күні Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай "Мақсаттың бірлігі - рухани үндестік" атты достық фестивалін өткізу жоспарланған.

Алаңда 16 шатыр қойылады. Онда Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сәндік халықтық қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өткізіледі, деп облыстық әкімдіктен хабарлады.

Бұдан басқа, этноауылды ұйымдастыру көзделуде. Ир этноүйде әр этностың салт-дәстүрі, ұлттық ас мәзірі, мәдениеті мен ұлттық қолөнер туындылары қойылады. Сонымен қатар, фестиваль аясында Ақмола облысы ҚХА белсенділері марапатталатын болады.

Сондай-ақ, өңірдегі этномәдени бірлестіктерді қатысуымен мерекелік концерт өткізу жоспарланған. Қала тұрғындары үшін арнайы мерекелік жәрмеңке де өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны