02.05.2018, 20:31 2842

Көкшетауда "Akmola Golden Music Festival" фестивалі өтті

Ағымдағы жылдыӊ көктемі Ақмола өӊірініӊ музыкалық өмірі үшін естен кетпес, жарқын оқиғаларды ала келді және бұл фестиваль Көкшетаудыӊ қоғамдық, музыкалық өміріндегі айтулы оқилардыӊ біріне айналары сөзсіз.

Көкшетау. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Көкшетау қаласы Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында "Akmola Golden Music Festival" классикалық және халық музыкасы фестивалі өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Ағымдағы жылдыӊ көктемі Ақмола өӊірініӊ музыкалық өмірі үшін естен кетпес, жарқын оқиғаларды ала келді және бұл фестиваль Көкшетаудыӊ қоғамдық, музыкалық өміріндегі айтулы оқилардыӊ біріне айналары сөзсіз.

2017 жылы бастау алған фестиваль көпшіліктіӊ көӊілінен шығып, қаншама игі тілектер мен өтініштер жинады, сол өтініштердіӊ бірі - бұл іс-шара жалғасын тапса екен деген тілек болатын. Осыған байланысты "Рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласыныӊ жарыққа шыққанына бір жыл толуына орай фестивальді жаӊа үлгіде өткізетін болып шештік. Туа біткен табиғи талантымен көзге түсіп, тек Қазақстанда ғана емес, алыс және жақын шетелдерде де аты шығып, танымал болып жүрген жерлес, ақмолалық кәсіби музыканттарды тарту - фестивальдіӊ құрылымдық идеясы болып табылады. Қазіргі таӊда фестивальдіӊ арқасында ұлы Абайдыӊ әндері, халық әуендері мен Қазақстан композиторларыныӊ шығармалары еуропалық аспаптарға салынып Германия, Австрия, Италия мен Испанияда, Ресей қалалары: Мәскеу мен Санкт-Петербургта, Волгоград пен Тулада, Омбы мен Челябі сахналарында орындалып жүр.

Алғашқы күні фестивальдіӊ көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтыӊ шығармашылық кешімен ашылды. Көрермендер Ақмола облыстық филармониясыныӊ симфониялық оркестрініӊ орындауында кеш иесініӊ дирижерлік және композиторлық шығармасын тыӊдады.

Фестивальдіӊ екінші күні жас, бәсекелесуге қабілетті, бастамашыл әрі талантты дирижерлер: Көкшетау қаласыныӊ тумалары - Руслан Баймурзин ("Астана Опера" МОБТ), Берік Уразалин (Қостанай облыстық филармониясы), бірнеше жыл қатарынан филармонияныӊ симфониялық оркестріне жетекшілік еткен Алихан Идрисов ("Астана Опера" МОБТ) және Иділет Азбаевтыӊ (Астана қ.) қатысуымен Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрініӊ сүйемелдеуінде "Дирижерлар шеруі" өтті. Жас орындаушылар мен дирижерлердіӊ кәсіби шеберліктері - бұл жетістіктіӊ, алға қойған мақсатқа жетуге деген құлшыныстыӊ, талпыныстыӊ, отаншылдықтыӊ үлгісі, меритократиялық қоғамды дамытуға қосқан үлестері.

Осы көлемді іс-шараныӊ медиалық міндеті отандық және әлем музыкасыныӊ жауһарларын насихаттап жүрген облыстық филармонияныӊ кәсіби ұжымдары концерттіӊ негізгі қатысушылары болып табылатындықтан, классикалық және халық музыкасыныӊ еӊ үздік үлгілеріне назар аударту әрі оны дәріптеу.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны