27.12.2012, 11:27 3799

Көкшетауда шаңғы базасы жаңаланды

Хабар агенттігінің хабарлауынша, биыл Елбасы өзінің "Қазақстан-2050" стратегиясында ұлт саулығына аса мән беріп, жас ұрпақтың спортқа ден қою қажеттігін атап өтті. Биыл Көкшетауда шаңғы базасы жаңаланды.

Көкшетау. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Көкшетауда шаңғы базасы жаңаланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, биыл Елбасы өзінің "Қазақстан-2050" стратегиясында ұлт саулығына аса мән беріп, жас ұрпақтың спортқа ден қою қажеттігін атап өтті. Биыл Көкшетауда шаңғы базасы жаңаланды.

Енді қалпына келтірілген нысанда жас спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда жаңадан тренажер залдары ашылып, ғимарат толық жаңаланған. Ең бастысы, жас шаңғышылар, шаңғы тебетін жолдың заман талабына сай болғанына қуанышты. Енді мұнда республикалық деңгейдегі сайыстарды ұймыдастыруға болады,-дейді жаттықтырушылар. 13-жасар Сейілбек шаңғы тебумен бұрын әуестенгені болмаса, нақты спорттың осы түрімен шұғылданып жүргеніне көп болмапты. Бұған дейін ол тек облыстық, қалалық сайыстарға ғана қатысып жүрген екен. Мына спорт мектебіне Сейілбек ағасына қызығып келіпті. Бауыры Дәулетбек 18 жасында-ақ шаңғы спорт шеберінің кандидаты атанған. Қазір екеуі де ұдайы келіп жаттығады,-дейді жаттықтырушылар. Жаңаланған трассада жатыққан жақсы дейді ағайындылар. Енді олардың спортқа деген қызығушылығы одан сайын артыпты.

Халықаралық, әлемдік додаларға спортшылар дайындайтын Көкшетаудағы мына спорт мектебінің 30 жылдық тарихы бар. Осы уақыт ішінде мұнда жеке шаңғы базасы болмапты. Оған қарамастан мектеп, олимпиада чемпиондарымен қатар, 60-тан аса спорт шеберін дайындаған. Жалпы соңғы жылдары Ақмола облысы спорттың қысқы түрлеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Қазір аймақта 5 кәсіби жаттықтырушы жұмыс істеп жүр. Олар түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысуға ниетті 134 спортшы дайындап жатыр.

Шаңғы базасын қалпына келтіруге облыстық бюджеттен барлығы 200 млн теңге қаржы бөлінген. Балалар, әсіресе шаңғы тебетін трассаның жаңаланғанына қуанышты. Сондай-ақ медициналық бекет бар. Жалпы айтқанда, кешен заман талабына сай қалпына келтірілген. Айта кету керек, шаңғы базасында қала тұрғындары өз шаңғысымен келіп, спортпен тегін шұғылдана алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны