20.12.2009, 13:27 3115

Көкшетаудағы "жедел жәрдем" станциясында "103" шұғыл шақыру телефоны 5 сағат бойы жұмыс істеген жоқ

Көкшетаудағы "жедел жәрдем" станциясында "103" шұғыл шақыру телефоны 5 сағат бойы жұмыс істеген жоқ

Көкшетау. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - Көкшетаудағы "жедел жәрдем" станциясында "103" шұғыл шақыру телефоны 17.23 пен 22.00 аралығында 5 сағат бойы жұмыс істеген жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Қазақтелеком" АҚ Ақмола филиалының оперативтік техникалық басқару орталығының бастығы Ромалия Аабқа сілтеме жасап.

Р. Аабтың айтуынша, "жедел жәрдем" станциясымен арадағы телефон байланысы "Көкшетау Су Арнасы" кәсіпорнының қызметтері жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты үзілген. Ондағылар жай ғана кабельді бүлдіріп қана қоймай, сенбі күні түн қараңғылығында дер кезінде апатты жоюға мүмкін болмайтындай етіп істен шығарған".

"Біздің мамандарға "103" нөмірін сымсыз байланысқа қосу арқылы төтенше жағдайды жоюға тура келді, ал қалған телефондар әзірге жұмыс істемей тұр. Бүгін таңертең жөндеушілер тобы тағы да оқиға орнына аттанды. "Көкшетау Су Арнасы" кәсіпорнына өзіміздің тарапымыздан тексеру аяқталған соң шағым түсіріледі", -деді орталық маманы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны