30.04.2010, 12:51 3433

Көліктік бақылау комитеті "Таза ауа" науқанын өткізеді

Көліктік бақылау комитеті "Таза ауа" науқанын өткізеді

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 2010 жылдың 30 сәуірі мен 30 мамыры аралығында "Таза ауа" акциясын өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктік бақылау органдарымен бірге акцияға санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың және жол полициясының жергілікті органдары қатысады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, акцияның мақсаты - автокөлік құралдарының тасымалдаушылары мен жүргізушілерінің рұқсат етілген автокөлік құралдарының шығарындыдағы ластаушы заттар құрамының экологиялық талаптары мен нормаларын сақтауы бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың алдын алу.

"Жылжымалы және стационарлық көліктік бақылау посттарында автокөлік құралдарын экологиялық нормаларды сақтау бойынша тексеріс газанализаторлары мен түтін өлшегіштерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады",- деп хабарлайды мекеме.

"Статистикаға сәйкес 2009 жылы өткізілген осындай акцияның барысында әрбір 6-шы автокөлік құралы экологиялық талаптарды бұзу арқылы жол жүрген. Осылайша өткен жылы 10082 бірлік көлік құралы тексерілді, автокөлік құралының шығарындыдағы ластаушы заттардың рұқсат етілген нормаларының 1623 бұзушылығы анықталды",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Көліктік бақылау комитеті көлік саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына байланысты өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда заңды және жеке тұлғаларға белгіленген тәртіпте Икімшілік құқық бұзушылыққа сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны