15.03.2012, 13:17 3328

Колумбияда ең қауіпті жанартаулардың бірі оянды

Колумбияның орталығында әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі - Невадодель Руиса мамандардың алаңдаушылығын туғызып отыр.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - Колумбияда ең қауіпті жанартаулардың бірі оянды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Колумбияның орталығында әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі - Невадодель Руиса мамандардың алаңдаушылығын туғызып отыр.

Ең алдымен жанартаудан түтін шыға бастаған. Алып жанартау ел астанасы Боготадан небәрі 130 шақырым қашықтықта тұр. Басшылық халықты қауіпсіз жерлерге көшуге дайын болуға шақыруда. Мамандар жанартау кез-келген сәтте атқылауы мүмкін екенін ескертті.

Бұл - Колумбия аумағындағы Анд тауларында орналасқан, ең қауіпті жанартау. 1985 жылдың қараша айында жанартаудан атқылаған көшкін Армеро қаласын түгелдей жойып, 25 мың адам қаза тапқан еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны