08.02.2016, 11:05 3326

Контрабандалық дәрі-дәрмек

Демалыс күндері қазақстан-қытай шекарасында бір центнерден астам дәрі-дәрмекті заӊсыз алып өтпек болған адам ұсталды

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Демалыс күндері қазақстан-қытай шекарасында бір центнерден астам дәрі-дәрмекті заӊсыз алып өтпек болған адам ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қорғас" шекаралық бақылау отрядыныӊ шекарашылары қытайда шығарылған дәрі-дәрмектерді елімізге заӊсыз жолмен алып келмек болған 19 жастағы қазақстандықты ұстады.

Ол жүгін көтеріп жаяу келе жатқан екен. Ауыр жүгін тексеру барысында шекарашылар оныӊ өзімен бірге жалпы салмағы 110 кг болатын 6 қорапқа салынған дәрі-дәрмек екендігін анықтады.

Ұсталған адам мен оныӊ жүгі туралы құқық қорғау орыгндарыныӊ қызметкерлері құлақтандырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны