28.02.2008, 12:44 2406

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Арселор Митталға" қоршаған ортаны қорғау шараларының тиімділігін көтеру жөнінде қатаң талаптар қойды

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Арселор Митталға" қоршаған ортаны қорғау шараларының тиімділігін көтеру жөнінде қатаң талаптар қойды

Астана. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Арселор Миттал" АҚ қоршаған ортаны қорғау шараларының тиімділігін көтеру жөнінде қатаң талаптар қойды. Бұл туралы агенттікке ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 26 ақпанда ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов "Арселор Миттал" АҚ басшылығымен биылғы жылы қоршаған ортаға эмиссия мәселесі болынша кездесті.

Бірнеше жылдан бері кәсіпорын зиянды заттарды ауаға шығару көлемін азайту мәселесін шешпей отыр және "Арселор Митал Теміртау" АҚ қызметі жалпы қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осыған орай министрлік компания басшылығына конверторлық цехтарында газды тазарту жабдықтарын іске қосуды тездетіп, 2-ші ЖЭО күл қорының мәселесін, салқындатқыш тоғанын, агломерациялық фабрикасында күкіртті тазалау және қалдық сақтайтын қорымдарында шараларды дайындау қажеттігін айтып қатаң талап қойды.

""Арселор Миттал Теміртау"АҚ кездесуі кезінде табиғатты қорғау шараларының тиімділігін арттыру және келісім- шарт мүмкіндіктерін қайта қараудың мерзімі белгіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны