03.04.2008, 19:06 3492

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатты пайдаланушыларды қатыстыра отырып қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізбекші

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатты пайдаланушыларды қатыстыра отырып қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізбекші

Астана. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." компаниясының бас директоры Роджер Фокспен және "Шеврон" корпорациясының еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Джей Джонсонмен кездесті. Бұл туралы агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында тараптар компаниялардың келешек қызметі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстар жайлы талқылады. Атап айтсақ, министр ірі жер қойнауын пайдаланушыларды қатыстыра отырып таяу уақыттарда қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізуге бастама көтерді. Министрдің бастамасына компания басшылары қолдау білдірді, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны